Корпоративный подоходный налог

Корпоративный подоходный налог

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын
oit6009@mail.ru
Оит ОИТ
«Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу»

Алматы қаласы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлықтың профилактикасы бойынша іс-шаралары жоспарын орындау мақсатында Алматы қаласы Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы осы жоспар сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және онымен күрестің негіздерін, сыбайлас жемқорлық құқық бұзулықытарының салдарларын азайтуды және жоюды бекітуге бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі іс-шараны көздейді.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың құқықтық, ұйымдастыру және өзге де тетіктерін әзірлеу және енгізу тиімді халыққа қызмет көрсетудің қажетті құралдары болып табылады.
Салық жүйесіндегі Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру 2018-2020 жылдар кезеңінде кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады, негізгі басымды бағыттары мыналар болып табылады:
- білікті кадрларын іріктеу және даярлау, кандидаттарына талаптарды қатаңдату;
- тиімді және жүйелі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың басты шарты ретінде қызмет көрсетушінің қолданыстағы заңнамаларды тиімді пайдалану және біліктігін арттыру;
- заңнаманы одан әрі жетілдіру;
- салық төлеушілер арасында өтетін мерзімді әлеуметтік зерттеу тиімділігін және ашықтығын арттыру;
- заманауи ақпараттық технологиялардың пайдалану дәрежесін кеңейту;
- салық жүйесінің жұмысының айқындығын арттыру, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасау;
- қабылданып жатқан алдын алудың сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларының тиімділігін арттыру;
I. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шаралары:
а) мемлекеттік қызметке кандидаттарды конкурстық іріктеуді жетілдіруді қоса алғанда, салық жүйесін одан әрі жетілдіруге бағытталған әзірленген заңнамаларды қолдану.
б)кадрларды сапалы іріктеу мақсатында заңды тұрғыда кандидаттарды іріктеу кезінде ашықтылық және тәуелсіздік деңгейін арттыруға да бағытталған лауазымына кандидаттардың моральдық-адамгершілік қасиеттерін бағалау жөніндегі қоғамдық кеңестердің жұмысы бекітілген.
в) мемлекет қызметкерлердің әдебі кодексін сақтау бойынша әдістемелік және ұйымдастыру түрде басшылыққа алуы персоналмен жұмыс бөлімі жүзеге асырады.
Персоналмен жұмыс бөлімінің негізгі қызметі сыбайлас жемқорлық көрінісінің алдын алу, қызметкерлерге және салық төлеушілерге қатысты болуы мүмкін арандатушылық әрекеттердің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа шыдамсыздық танытуды қалыптастыру арқылы беделін көтеру болып табылады. Функционалдық түрде Бөлім салық жүйесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағдарламасының орындалуын, қызметкерлердің сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мәселелері бойынша іс-әрекетті үйлестіруді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасасуды қамтамасыз етеді.
Жоспарды іске асыру барлық қызметкерлерге және салық жүйесі тұлғаларының сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ісіндегі белсенді көзқарастарына байланысты.
от 26.03.2024 10:23
Авторизуйтесь для ответа в теме

Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!