100 нақты қадам Ұлт жоспарының салық жүйесіне арналған бағыттары

  • 06.12.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1448
  • |
  • 0

Дата письма 06.12.2018

100 нақты қадам Ұлт жоспарының салық жүйесіне арналған бағыттары

Қазақстан егемендік алып, тәуелсіз мемлекет болғанына да, міне, ширек ғасырға аяқ басты. Осы кезең аралығында салық жүйесіне көптеген өзгерістер енгізілді. Салықтар мемле­кет­тің саяси және экономикалық қыз­мет­терін қаржыландырудың негізгі көзі болып табылады.

Ел­басы Нұрсұлтан Назар­баев ұсынған Бес инсти­тут­тық реформаны жү­зеге асырудағы «100 нақ­­ты қадам» Ұлт Жос­па­ры бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамы­ған мемле­кеттердің отыз­дығына кіруі жөніндегі жоспары болып табылады. Ұлт Жоспары елімізге «2050» Стра­тегиясын жүзеге асыру мен Қазақ­стан мемлекеттілігін ны­ғайтуға, жолдан адас­пау­ға, күрделі кезең­нен сенім­ді өтуге жағдай туғызатын беріктік қо­рын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды жүйелі емдеу болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негізін қалайды.

Соның ішінде үшінші институттық реформа «Индустрияландыру жəне экономикалық өсім» деп аталады. «100 нақты қадамда» салыққа қатысты бірнеше қадамдар бар, атап айтқанда, 37-қадамда «Салық және кеден саясатын және ресімдерін оңтайландыру», 39-қадамда «Кеден және салық жүйелерін интеграциялау. Тауар салық салу мақсатында Қазақ­стан аумағына кірген кезеңнен бастап оны сатқанға дейін бақылауға алынады», 42-қадамда «2017 жыл­дың 1 қаң­та­ры­нан мемлекеттік қызметкерлер үшін, одан әрі барлық азаматтар үшін кірісті және шығысты жалпы жариялау­ды кезең-кезеңмен енгізу», 43-қадамда «Салық декларацияларын қабылдау және өңдеудің орталық желісін құру. Орталық салық төлеушілердің электронды құжаттарының бірыңғай мұра­ғатына кіру мүмкіндігіне ие болады. Декларанттар салықты бақылау бойынша шешім қабылдау үшін тәуекел санаттарына бөлінетін болады. Жариялауды бірінші рет тапсырған жеке тұлғалар үш жыл мерзімде қайта тексерістен өтпейтін болады», 44-қадамда «Жанама салық салу тетіктерін жетілдіру. Қосылған құн салығының орнына сатудан салық алуды енгізу мәселесін жан-жақты зерттеу», 45-қадамда «Кіріске және шығысқа салық есебін міндетті түрде енгізу арқы­лы қолданыстағы салық режімін оңтай­ландыру» міндеттері күн тәртібіне қойыл­ған.

Ел экономикасының қос қанаты – салық пен кеден Ұлт жоспарының нақты қадамдарына іспен жауап беруге тиіс. Өйткені, біз, алға бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылу міндетін қойғанбыз. Ол жетістікке қол жеткіздік. Дүниежүзілік институттар барлық көрсеткіштер бойынша табыстарымызды көрсетіп отыр. Елбасы өркендеген отыз елдің қатарына қосылу туралы жаңа міндет қойды. Ал аталған Ұлт  жоспарын дамыған отыз елдің қатарына ену жолында жасалып жатқан тағы бір  үлкен қадам деп түсінгеніміз абзал.

Автор: Главный специалист юридического отдела Барахан Ұ.Е. Управления государственных доходов по Алатаускому району г. Алматы.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!