ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ ЕНГІЗУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

  • 04.06.2020
  • |
  • 0
  • |
  • 935
  • |
  • 0

ҚАЗАҚСТАНДА ЖАЛПЫҒА БІРДЕЙ ДЕКЛАРАЦИЯЛАУДЫ ЕНГІЗУДІҢ КЕЗЕҢДЕРІ

Декларацияны тапсыру мерзімдері қағаз түрінде– 15 шілдеге дейін;электрондық түрде – 15 қыркүйекке дейін.

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап: жауапты мемлекеттік лауазымдағы адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайы (зайыбы);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар рыногы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларация ұсыну жөніндегі міндет жүктелген адамдар.

2023 жылдың 1 қаңтарынан  бастап: мемлекеттік мекемелердің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы), сондай-ақ квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жұмыскерлері мен олардың жұбайы (зайыбы)

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап: заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары және олардың жұбайы(зайыбы), дара кәсіпкерлер және олардың жұбайы (зайыбы)

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап: халықтың қалған санаттары.

Автор: Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы,өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Палтиева Мадина

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!