Электронды қызмет көрсету – жемқорлыққа жол жоқ!

  • 30.11.2017
  • |
  • 0
  • |
  • 3595
  • |
  • 0

Дата письма 30.11.2017

Электронды қызмет көрсету – жемқорлыққа жол жоқ!

Сыбайлас жемқорлық  - лауазымдық (қызметтік) өкілеттіктерін және соған байланысты мүмкіндіктерін жеке өзі немесе делдардар арқылы жеке өзіне не үшінші тұлғаларға мүліктік (мүліктік емес) игіліктер мен артықшылықтар алу немесе табу мақсатында заңсыз пайдалануы, сол сияқты игіліктер мен артықшылықтарды беру арқылы осы адамдарды параға сатып алу.

Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде өздерінің қызметтік міндеттерін жүзеге асыру кезінде ешқандай материалдық игіліктерді, қызметті және өздерінің міндеттерін орындаумен байланысты өзге де артықшылықтарды пайдаланбау, мемлекеттік қызмет көрсетуді жүзеге асыру кезінде қызмет бабын өзі үшін немесе үшінші тұлғалар үшін пайда табу мақсатында пайдаланбау, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, мемлекеттік қызметшілердің және өзге тұлғалардың қызметіне жеке сипаттағы мәселелерді шешу кезінде ықпал ету үшін қызмет бабын пайдаланбау.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында көптеген шаралар қолданылып, мемлекеттік бағдарламалар қабылдануда. Мемлекеттік кірістер басқармасында кедергісіз қағидасы бойынша салық төлеушілерге қызмет көрсету электронды жүйеге кезеңмен көшіру шаралары қолданылуда. Салық төлеушілер мен мемлекеттік қызметкерлердің тікелей қарым-қатынасын азайтып, сыбайластың жолын кесті. Сонымен қатар, берілетін құжаттарды алудағы қиындықтардың жойылуы, кезектің азаюы да жемқорлыққа тосқауыл қойып отыр. Сонда мемлекеттік қызметтегі сыбайластық жойылып, мемлекеттік қызмет көрсету сапасы артады.  

 

 

Автор: Алматы қаласы Алатау ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Ұйымдастыру, құжат айналымы және персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Рахимова Р.Р.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!