ГПХ

  • 05.10.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 4029
  • |
  • 0

Дата письма 05.10.2018

 ГПХ

  «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 28) тармақшасына сәйкес мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеу жөнiндегi агент (бұдан әрi – агент) – Қазақстан Республикасында қызметiн шетелдiк заңды тұлғалардың тұрақты мекемесi, филиалдары, өкілдіктері арқылы жүзеге асыратын шетелдiк заңды тұлғаларды қоса алғанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртiппен мiндеттi зейнетақы жарналарын, мiндеттi кәсіптік зейнетақы жарналарын есептейтiн, ұстап қалатын (есебіне жазатын) және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударатын жеке немесе заңды тұлға.

Заңның 29-бабының 1-тармағында Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгiленбесе, агенттер міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының есептелген, ұстап қалынған (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсететін жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгiленген мерзімде тоқсан сайын тапсыратындығы белгіленген.

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 355-бабының 1-тармағына сәйкес жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларацияны салық агенті тұрған жердегі салық органдарына есепті кезеңнен кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей:

салық агенттері, оның ішінде тіркелген шегерімді пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолданатын салық агенттері;

әлеуметтік төлем агенттері немесе төлеушілер, оның ішінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз пайдасына тапсырады.

Осылайша, есепті тоқсан үшін кейінгі екінші айдың 15-күнінен кешіктірмей тоқсан сайын міндетті зейнетақы жарналарының, есептелген (есебіне жазылған) сомалары жөнiндегі мәліметтерді көрсете отырып, «Салық есептілігі нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 12 ақпандағы № 166 бұйрығымен бекітілген жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00 СЕН) азаматтық-құқықтық шарттар бойынша табыстар алатын жеке тұлғалар өздігінен тапсыруы тиіс.

Осыған байланысты, зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңнамаға сәйкес міндеттемелер туындаған кезде азаматтық-құқықтық шарттар бойынша жеке тұлғалармен алынған табыстан міндетті зейнетақы жарналары 2018 жылдың 3 және (немесе) 4 тоқсандары үшін олармен 200.00 СЕН-да көрсетуге қатысты түсіндірме жұмыстарын тапсырамыз.

Көрсетілген салық төлеушілер 200.00 СЕН толтыру кезінде «Салық төлеушілердің санаты» 6 жолда:

«Өз пайдасына аударуға жататын міндетті зейнетақы жарналарының сомасы» 200.00.004;

«Өз пайдасына мәлімделетін табыс» 200.01.009 белгі қоймайтындығына және жолды толтырмайтындығына назар аударамыз.

Бұл ретте, аталған нысанның форматтық-логикалық бақылау нәтижелері есепсіз серверге жіберілетін болады және хаттамада жазылған қателер хабарланды.

Автор: Алматы қ. Наурызбай ауданы бойынша бас маманы Копабаева Д.К.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!