Келешекте медициналық көмек алу мүмкіндігін бүгіннен қарастырыңыз!

  • 16.11.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1431
  • |
  • 0

Дата письма 16.11.2018

Келешекте медициналық көмек алу мүмкіндігін бүгіннен қарастырыңыз!

     

     Қазақстанда міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу мемлекеттің, жұмыс беруші мен азаматтардың денсаулық сақтау бойынша ортақ жауапкершілігін қамтамасыз етумен қатар, бірінші кезекте алғашқы медико-санитарлық көмекті, жеке медицинаны дамыту, медициналық ұйымдар арасындағы бәсекелестікті күшейтудің негізінде медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттырады.

         Сондай-ақ, әлеуметтік медициналық сақтандыру Қорын құру бейресми төлемдер деңгейін төмендетуге ықпал етеді.

      Бұл ретте, «Еңбек кодексі», «Кәсіпкерлік кодексі» және салық заңнамасы бойынша, егер сіз жалдамалы жұмысшы ретінде еңбек етсеңіз, еңбек шартын жасасу қажет.  Еңбек кодексіне сәйкес, азаматтың барлық еңбек құқықтары қорғалады, яғни бұл еңбекақы белгілеу, демалыс беру, қосымша кепілдіктер беру мәселелерін де қамтиды.

       Сонымен қатар, жұмыскерлер  зейнетақымен қамсыздандыру жүйесіне, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне, сондай-ақ жазатайым оқиғаларды сақтандыру жүйесіне енгізіледі. Егер еңбек шарты болмаса, онда жұмыскердің еңбек, әлеуметтік құқықтары да қорғалмайды. Ол кез-келген уақытта жұмыстан босатылуы мүмкін және оған жұмыс берушінің тарапынан да, қызметкердің табысынан да ешқандай аударымдар жасалмайды.

      Қазіргі уақытта, Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, міндетті медициналық  сақтандыру жарнасының енгізілуіне орай үй-үйді аралау арқылы өзін-өзі жұмыспен қамтыған азаматтарды, оның ішінде міндетті зейнетақы жарнасынсыз жұмыс істейтін тұлғалардың  мәртебелерін анықтау бойынша жұмыстар жүргізуде.

     Осыған байланысты, әрбір жұмыскер өз жұмыс берушісімен заң шеңберінде міндетті түрде еңбек келісім шартына отырып, ай сайынғы әлеуметтік аударымдарының жұмыс берушілер тарапынан төленуін қадағалап отыру қажет. Ол, өз кезегінде, тиісті жағдайларда жұмыскердің еңбек заңнамасында белгіленген кепілдіктер мен өтемақыларға құқығы болмауы, өздерінің бұзылған құқықтарын қалпына келтіру үшін еңбек шарты жөніндегі комиссияға, мемлекеттік еңбек инспекциясына және сотқа жүгіне алмау және міндетті медициналық сақтандыру аясында барлық медициналық қызмет түрлерін ала алмаудың алдын алады.

        Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесін енгізу мерзімінің 2020 жылдың 1 қаңтарына шегерілуіне байланысты жарналар мен аударымдарды төлеу тәртібіне назар аударуды сұраймыз. Жұмыс берушілер үшін МСҚ-на аударатын аударымдар мөлшері өзгермейді: 2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%.

   Қарамағында жалдамалы жұмыскерлері бар жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалықтарының иелері жарнаны осы тәртіп бойынша төлейді. 

    ЖЕКЕ ТҰЛҒАЛАР – жарна төлеуден 2020 жылдың 1 қаңтарына дейін босатылады.

      Азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде табыс табатын тұлғалар төлейтін жарна мөлшері төмендетілді. Олар 2020 жылдан бастап табыстың 1 пайызы, 2021 жылдан бастап 2 пайызы көлемінде жарна төлейді. 2018-2019 жылдары олардың табысынан жарна ұсталмайды.

       Жеке кәсіпкерлер 2018-2019 жылдары ЖК ретінде өзі үшін жарна аудармайды. БІРАҚ қарамағындағы қызметкерлер үшін жұмыс беруші ретінде жарна аударуды тоқтатпайды (2018-2019 жылдары 1,5%, 2020 жылдан бастап – 2%).

       Жұмыс берушілер жалдамалы жұмыскерлердің жалақысынан 2020 жылы 1%, 2021 жылдан бастап 2% ұстап, Қорға аударады.

    Мемлекет жекелеген санаттағы азаматтар үшін жарнаны 2020 жылдан бастап аударады. Аударылатын жарна мөлшері оған дейінгі екі жылға бекітілген орташа айлық жалақының 4 пайызын құрамақ («Міндетті медициналық сақтандыру туралы» заңның 26 бабы 2,3 тармақтары).

   Жоғарыда көрсетілген санаттарға жатпайтын тұлғалар ең төменгі жалақы мөлшерінің 5 пайызын төлеп, сақтандыру жүйесіне қосыла алады. 

Автор: Управление государственных услуг УГД по Алмалинскому району г.Алматы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!