«Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі»

  • 30.05.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 2386
  • |
  • 0

Дата письма 30.05.2019

«Корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасын есептеу тәртібі»

 

         Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы салық төлеушілер назарына корпоративтік табыс салығын (әрі қарай – КТС) келесідей мәлімет етеді.

         Салық кодексінде аванстық төлемдерді есептеу тәртібі 305 баппен реттеледі.

Салық кезеңі үшін  корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыруға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы бұған дейінгі салық кезеңі үшін аванстық төлемдер сомалары есепайырымымен есептелген аванстық төлемдердің жалпы сомасының төрттен бірі мөлшерінде есептелінеді.

Егер салық төлеуші декларацияға дейін аванстық төлемдер сомасын аванстық төлемдер есепайырымында азайтқан жағдайда салық органы көрсетілген кезең үшін аванстық төлемдер сомасын есептеуді жүргізуді осындай есепайырымда көрсетілген аванстық төлемдер сомасы арасындағы айырмашылық мөлшерінде жүргізуге құқылы.

Декларацияға дейнігі аванстық төлемдер сомасы мына салық төлеушілердің ағымдағы салық кезеңі үшін корпоративтік табыс  салығының болжамдалған сомасынан шыға отырып есептеледі:

– бұған дейінгі салық кезеңіндегі корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер есепетелмеген;

– бөлу және жіктеу жолдарымен қайта ұйымдастыру іске асырылғанда салық кезеңінде сондай-ақ бұдан кейінгі екі салық кезеңі ағымында.

Салық кезеңі үшін  корпоративтік табыс салығы бойынша декларация тапсыруға дейінгі кезең үшін төлеуге жататын корпоративтік табыс салығы бойынша аванстық төлемдер сомасы есептік салық кезеңінің бірінші тоқсанының әрбір айы үшін тең үлестерде төленеді.

Декларацияға дейінгі аванстық төлемдер сомаларының есепайырымы салық төлеушінің жүрген орыны бойынша салық органына есептік салық кезеңінің 20 қаңтарынан кешіктірілместен ұсынылады.

Декларациядан соң аванстық төлемдер есепайырымы есептік салық кезеңінің 20 сәуірінен кешіктірілмей ұсынылады және салық есептемесінің қосымша нұсқамаларын тапсыру арқылы өзгерістерді есептік салық кезеңінің 31 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынуға болады.

2019 жылы мына КБК корпоративтік табыс салықтары бойынша аванстық төлемдер төленеді:

·        101 105 «мұнай секторы ұйымдарындағы заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы»;

·        101 110 «мұнай секторы ұйымдарынан түсімдерді есептемегендегі заңды тұлғалардан корпоративтік табыс салығы».

Автор: Алматы қаласы Наурызбай бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!