Мемлекеттік қызметшілерінің этикасы

  • 30.11.2018
  • |
  • 1
  • |
  • 2785
  • |
  • 0

Дата письма 30.11.2018

Мемлекеттік қызметшілерінің этикасы

      Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. 

      Этика – адамдар арасындағы қарым-қатынастылықты реттейтін талаптар, өнегелік пен мораль жайындағы ілім.

Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін өзі жүзеге асыратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына қалтқысыз әрі адал қызмет етеді деп сенеді.

Мемлекеттік қызметшілер  Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етуге, мемлекеттік және басқа тілдерге, Қазақстан халқының салт-дәстүрлеріне құрметпен қарауға, адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға тиісті.     

Қызметтік міндеттерін тиімді атқару үшін өзінің кәсіби деңгейі мен біліктілігін арттыруға, Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулер мен тыйымдарды сақтауға, өзінің іс-әрекетімен және мінез-құлқымен қоғам тарапынан айтылатын сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, орынды сынды кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға, іскерлік әдепті және ресми мінез-құлық қағидаларын сақтауға тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уақытта,  жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын ұстануға, қоғамға жат мінез-құлық көрсетуге жол бермеуге, қарапайым болуға, тиісті көрсетілетін қызметтерді алу кезінде өзінің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға,  қоғамға жат әрекеттерді жасауға тартуға жол бермеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметшілер әріптестерімен қызметтік қарым-қатынасы кезінде ұжымда іскерлік және тілектестік өзара қарым-қатынасты әрі сындарлы ынтымақтастықты орнату мен нығайтуға ықпал етуге, басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзудың жолын кесуге немесе оларды болдырмау жөнінде өзге шаралар қабылдауға міндетті.

Мемлекеттік қызметкер – бұл мемлекетіміздің бейнесі, айнасы деп айтуғада болады. Сондықтан әр-бір мемлекеттік қызметкер, мемлкеттің өсуі – өркендеуі оның жұмысының нәтижесі екенін ұмытпауы тиіс. Мемлекеттік қызметкер деген биік атқа ие болу және сол атақты абыроймен ұстап өту әр қызметкердің басты мақсаты және міндеті. Тек бірлесіп жұмыс істеу барысында және мемлкеттік қызметкердік этикасын ұстаған жайдайда ғана біз осындай биік дәрежеде көріне аламыз.

 

Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы Талдау және есеп бөлімі.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!