«Мәңгілік Ел» идеясы

  • 20.03.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 3494
  • |
  • 0

Дата письма 20.03.2018

«Мәңгілік Ел» идеясы

Ұлттық идеология дегеніміз - Қазақстанда тұрып жатқан әр ұлттың мәдениеті, салт-дәстүрі, тілі, діні, тарихынан туындайтын көзқарас. Бірақ қазақтың ұлттық идеологиясы осының көшбастаушысы болуы тиіс.  Оған негізінен қазақ азаматтары атсалысуы керек. Ал мемлекеттік идеологиямыз - ол қазақстанда тұрып жатқан халықтардың мүддесінен туындаған мемлекет саясаты.

Бүгiнгi Қазақстанда 130-дай ұлт-ұлыс өкiлдерi тұрады. Сондықтан да ұлт-елжандылық, «Мәңгілік Ел» идеясы тек қазақтарға емес‚ ол қазақстандықтарға тән болуы керек.

«Мәңгілік ел - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз, - деді Елбасы. - Ол арман әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу еді. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық».

«Мәңгілік ел» идеясы тарихшылар мен әдебиетшілер айтып жүргеніндей, жалпы түркі жұртына ортақ мұралар мен ақын-жыраулар шығармаларында, батырлар жырында және би-шешендер сөзінде негізі қаланған. Осы уақытқа дейін бұл аталған мұралар оқытылмай келеді деген сөз емес, әдебиетте, тарихта оқытылып келеді, бірақ жалпы мазмұнда оқытылып жүр, кейде мазмұнға да бара алмай, анықтамалық дерек ретінде ғана айтылып келеді.

Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Жолдауында барша қазақстандықтарды біріктіретін, ел болашағының іргетасын қалаған басты құндылықтар жасалды. Бұл құндылықтар уақыт сынынан өткен Қазақстандық жол тәжірибесі.

- Қазақстанның тәуелсіздігі және Астанасы;

- қоғамымыздағы ұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім;

- зайырлы қоғам және руханият;

- индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсім;

- Жалпы Ортақ Еңбек Қоғамы;

- тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы;

- еліміздің ұлттық қауіпсіздігі және бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысу.

«Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Елбасы Жолдауындағы «Mәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын өмірде іске асырудың негізі мектепте қалануы тиіс. Орта білім беру жүйесінде «Мәңгілік Ел» идеясы балалар мен жастарды жоғары руханилық, азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілік қазақстандық қоғам игілігі үшін еңбек ету дайындығын, жаңа қазақстандық патриотизм мен бірігу сезіміне тәрбиелеуге бағытталған.

    Ұла Дала кеңістігінде қалыптасқан ұлттық құндылықтарды, қазіргі қоғамның гуманистік идеялары мен демократиялық құндылықтарын игеруге, әлемнің мәдени әртүрлілігін түсінуге жетелейді.

Ұлы ұстаз Ахмет Байтұрсынов: «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын» деген екен. Сондықтан XXI ғасырдың педагогі болашақ жастарды ұлттық негізде тәлім-тәрбие беріп, ұлтқа, Отанға, оның мүддесіне қызмет ететін етіп қалыптастыру. Олай деуге негіз, бір халықтың болашағы мен ертеңін шетелдік екінші бір ұлт ойлауы да, дамытуы да мүмкін емес. Қазақстанда тұрып жатқан ұлт өкілдерін қазақстанның мүддесін біріктіріп ойлауға шақыруымыз керек. Солай екен, қазақ балалары және қазақстандық жастар өз ата-бабасының өткен тарихын, тілін, салт-дәстүрі мен мәдениетін, жерін қастерлей білуге тәрбиеленуі Ел-Ұлтжанды болып өсуі қажет. Олар осы мәселенің көшбасшысы болуы тиіс.

Автор: Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының ұжымы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!