ҚҚС растау бойынша қарсы тексерлеу жүргізу

  • 28.04.2020
  • |
  • 0
  • |
  • 1124
  • |
  • 0

 ҚҚС растау бойынша қарсы тексерлеу жүргізу

Салық органы кешенді немесе тақырыптық тексеру жүргізіп отырған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын тұлғаларды салық органының осындай операциялар туралы қосымша ақпарат алу, көрсетілген салық төлеушіні (салық агентін) тексеру барысында туындайтын мәселелер бойынша операциялар мазмұны мен фактісін растау мақсатында тексеруі қарсы тексеру болып табылады. Қарсы тексеру кешенді немесе тақырыптық тексеруге қатысты қосалқы тексеру болып табылады.

Қарсы тексерулер уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен тағайындалады.

Қарсы тексеру деп:

тараптардың бірі Қазақстан Республикасы болып табылатын, салық немесе құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастық туралы халықаралық шарттарға (келісімдерге), сондай-ақ Қазақстан Республикасы халықаралық ұйымдармен жасасқан шарттарға сәйкес басқа мемлекеттердің салық немесе құқық қорғау органдарының, халықаралық ұйымдардың сұрау салулары бойынша;

камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған қосылған құн салығы жөніндегі салықтық міндеттеме бойынша және осындай операцияларға байланысты бұзушылықтарды жоймаған не осындай бұзушылықтардың жоқ екенін растамайтын түсіндіру ұсынған салық төлеушімен (салық агентімен) операцияларды жүзеге асыратын адамдарға қатысты жүргізілетін тексеру де танылады.

Салық органы салық төлеушінің зерттеп-қарау жүргізілетін кезең ішіндегі нақты кірісін және кіріс алуға бағытталған қызметпен байланысты нақты шығындарын анықтау мақсатында жүргізетін тексеру хронометраждық зерттеп-қарау болып табылады.

Салық органы хронометраждық зерттеп-қарауды жүргізу туралы шешімді уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен, салық төлеушінің тіркеу деректерінде көрсетілген орналасқан жері бойынша және (немесе) салық салу объектiсiнің және (немесе) салық салуға байланысты объектiнің орналасқан жері бойынша шығарады.

Салықтық тексерулер мынадай түрлерге бөлінеді:

тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер;

жоспардан тыс салықтық тексерулер. 

Салық органдары салықтық есептілікті, уәкілетті мемлекеттік органдардың мәліметтерін, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) қызметі туралы басқа да құжаттар мен мәліметтерді талдау нәтижелері бойынша салық төлеушілерге (салық агенттеріне) қатысты тағайындайтын тексерулер тәуекел дәрежесін бағалау негізінде ерекше тәртіп бойынша жүргізілетін салықтық тексерулер болып табылады;

Жоспардан тыс салықтық тексерулер, оның iшiнде:

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) өзiнiң салықтық өтiнiшi немесе шағымы бойынша, оның ішінде:

резидент-заңды тұлғаның, бейрезидент-заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесiнiң бөлiну арқылы қайта ұйымдастырылуына немесе таратылуына байланысты;

бейрезидент-заңды тұлғаның Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы жүзеге асыратын қызметiн тоқтатуына байланысты;

дара кәсiпкер қызметiнiң тоқтатылуына байланысты;

қосылған құн салығы бойынша тiркеу есебiнен алынуына байланысты;

салық төлеушiнiң (салық агентiнiң) тексеру нәтижелерi туралы хабарламаға шағымына байланысты;

салық төлеушінің өздеріне қолдануға байланысты ұсынылатын қосылған құн салығының асып кетуі сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша жүзеге асырылатын тексерулер болып табылады.

Бұл ретте осы тармақшада көрсетілген салықтық өтініштер:

өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылысжайлар пайдалануға қабылдап алынған;

жер қойнауын пайдалануға арналған тиісті келісімшарт шеңберінде өндірілген пайдалы қазбаларды экспорттау басталған күнге дейін берілуі мүмкін;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнде көзделген негiздер бойынша;

салық төлеушi (салық агенті) айқындалған тәртiппен салық органдарының камералдық бақылау нәтижелерi бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламасын орындамаған жағдайда;

Осы тармақшаның ережесі кезеңде және жоғары тұрған салық органы және (немесе) уәкілетті орган немесе сот көрсетілген шешімге шағымды қараған кезеңде қолданылмайды.

жер қойнауын пайдалануға арналған келiсiмшарттың қолданылу мерзiмiнiң өтуiне байланысты;

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi (салық агентi) мен оның дебиторлары арасындағы өзара есеп айырысуларды айқындау мәселелерi бойынша, оның ішінде:

салық төлеуші (салық агенті) салық органының талап етуі бойынша дебиторлар тiзiмiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған не дебиторлардың жоқтығы туралы мәліметтерді ұсынған жағдайда;

дебитор салық органының талап етуі бойынша салық төлеушімен (салық агентімен) өзара есеп айырысуларды салыстырып-тексеру актiсiн белгіленген мерзiмде ұсынбаған жағдайда;

қосылған құн салығының қайтаруға ұсынылған асып кету сомаларының анықтығын растау бойынша қосылған құн салығы жөніндегі декларациядағы салық төлеушiнiң талабы бойынша;

бейрезиденттiң қосарланған салық салуды болғызбау және салықтарды төлеуден жалтаруға жол бермеу мәселелерін реттейтін халықаралық шарттың ережелерiн қолдануға байланысты бюджеттен табыс салығын қайтаруға арналған салықтық өтiнiшi бойынша, сондай-ақ бейрезиденттің осындай салықтық өтінішті қайтадан қарау туралы өтініш жасауына байланысты;

банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың Қазақстан Республикасының салық заңнамасында, сондай-ақ орындалуын бақылау салық органдарына жүктелген Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгiленген мiндеттердi орындау мәселелерi бойынша;

сот жасалуын іс жүзінде жұмыстарды орындамай, қызметтерді көрсетпей, тауарларды тиеп-жөнелтпей жүзеге асырылды деп таныған шот-фактура жазып беру жөніндегі әрекет (әрекеттер) бойынша салықтық міндеттемені айқындау мәселелері бойынша;

уәкілетті органның шешімі негізінде;

Бұл ретте бұрын тексерілген кезеңге жоспардан тыс (кешенді немесе тақырыптық) салықтық тексерулер:

салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша;

қосылған құн салығы жөніндегі декларацияда көрсетілген қосылған құн салығының асып кету сомаларын қайтару туралы талап бойынша;

салық төлеушінің ұсынылатын қосылған құн салығының асып кету сомаларының анықтығын растау жөніндегі салықтық өтініші бойынша;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексінде көзделген негіздер бойынша;

салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, уәкілетті органның шешімі негізінде жүргізіледі.

Салық төлеуші (салық агенті) сотқа тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағым берген жағдайда, бұрын тексерілген кезеңге шағым жасалған мәселе бойынша жоспардан тыс кешенді және (немесе) тақырыптық тексерулер сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.

Салық төлеуші деңгейлес мониторингте болған салықтық кезеңдерге мыналарды:

қарсы тексерулерді;

салық төлеушінің (салық агентінің) өзінің өтініші бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процесстік кодексінде, "Прокуратура туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздер бойынша жүргізілетін салықтық тексерулерді;   салық төлеушінің (салық агентінің) тексеру нәтижелері туралы хабарламаға шағымына байланысты жүргізілетін салықтық тексерулерді қоспағанда, салықтық тексеру жүргізілмейді.

Қосымша нұсқама ресімдеу арқылы тексерілетін кезең өзгертілген және талап қоюдың ескіру мерзімі өткенге дейін тексерілетін кезеңге салықтық тексеру аяқталған жағдайда, алдыңғы салықтық тексеруді тағайындауға себеп болған негіздер бойынша салық органы тексерілетін кезең өзгергенге дейін бұрын нұсқамада көрсетілген, тексерілмеген салықтық кезеңге салықтық тексеруді тағайындауы мүмкін.

 

Орындады: Исалинова  С. С.Конец формы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!