Салық төлеушілер назарына!

  • 31.10.2017
  • |
  • 0
  • |
  • 1618
  • |
  • 0

Дата письма 30.10.2017

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы, экспорт тауарларды экспорт жіберу кезінде жанама салықтарды төлеу тәртібі туралы, өз құзыреттілігі шегінде келесіні хабарлайды.

Салық кодексінің 276-21 бабының 3 тармағына сәйкес, тауарларды әкелу және жанама салықтардың төленгені туралы өтініш Қазақстан Республикасының салық органына осы баптың 1-тармағында көзделген мерзімде қағаз жеткізгіште табыс етілмеген  кезде немесе электрондық нысанда келіп түспеген кезде қосылған құн салығын төлеуші Кодекстің 271-бабының 1-тармағында белгіленген төлеу мерзімінде және 268-бабының 1-тармағында белгіленген мөлшерлеме бойынша салық төлеуге міндетті.

Сонымен қатар, қосылған құн салығы сомаларын есепке жазуды салық органы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, яғни Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 622 бұйрығымен бекітілген «Дербес шоттарды жүргізу ережелері» 58 тармағына сәйкес тауарларды әкелу және жанама салықтарды төлеу туралы өтінішті Салық кодексінің 276-21 бабының 1-тармағында белгіленген мерзімде тапсырмаған кезде жанама салықтардың есептелген сомалары бойынша дербес шотқа жазба есептеу тізілім негізінде жүргізіледі.

 

Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы  Аманжолов Нұрлан Қожабергенұлынан

Автор: Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Кеден одағы шеңберінде жанама салықтарды әкімшілендіру бөлімінің бас маманы- Бақытқызы Халимат

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!