Сәйкестендіру номерінсіз төлем жасау .

  • 15.05.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 729
  • |
  • 0

Сәйкестендіру номерінсіз төлем жасау .

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді (алымдар, мемлекеттiк баж, жануарлар дүниесiн пайдаланғаны үшiн төлемақы және т.б.) төлеуі бойынша түсіп жатқан сұрақтарға байланысты, мынаны хабарлайды:

«Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабының 4-тармағы 4) тармақшасына сәйкес сәйкестендіру нөмірі ақша төлемдері мен аударымдарды жүзеге асыру,  оның iшiнде мiндеттi зейнетақы жарналары мен әлеуметтiк аударымдарды аудару кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдардың ақша төлемдерін және аударымдарды жүзеге асыруды қоспағанда, салық мiндеттемелерiн орындау кезінде қолданылады.

Жазылғандарға байланысты, Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес, салық төлеушi ретiнде тiркеу есебiне қоюға жатпайтын шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдар, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлем құжатында сәйкестендіру нөмірін  қоймай-ақ төлей алады.

Автор: Талдау және есеп бөлімінің бас маманы Абишева Гульнара Аскаровна

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!