«Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жегі құрты»

  • 29.06.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1046
  • |
  • 0

Дата письма 01.01.1970

«Сыбайлас жемқорлық - қоғамның жегі құрты»

 

Тамыры тереңге кеткен жемқорлықтың бүгінгі деңгейі алаңдаушылық тудырып отырғаны орынды. Бұл жағдаймен еліміздің әрбір тұрғыны күнделікті кездесіп тұрады десек, артық айтқандық емес. Сыбайлас жемқорлық - заң бұзушылықтың ең үлкен түрі. Қоғамның әрбір мүшесі, Қазақстанның әрбір азаматы түйткілді түбірімен жоюға белсенді түрде араласуы міндетті. Бүгінгі таңда елімізде лауазымын асыра сілтеп, жемқорлар санын көбейтушілер жоқ емес. Жемқорлықтың тамырына көпшілік болып күрескенде ғана балта шабатынымыз белгілі. Бізде заң көп, бірақ орындап жатқан ешкім жоқ. Парақорлық сол заңның орындалуына кедергі келтіруде, жең үшынан жалғасқан жемқорлық өмір сүріп тұрғанда, бізде ешқандай заң жүзеге аспайтыны анық. Қоғамның мақсаты – мәселені көтеру, оны шешу үкіметтің міндеті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заңның талаптары қолданысқа енгелі бері заң құзырынан таза шығудың айла-шарғылары да сан құбылып өзгеріп келеді. Заң талабы түзу болғанымен оның тетіктері терең ойластырылмағандықтан қашан да ол қозғалысқа енбей малтығып қалады. Бір сөзбен айтқанда заңның бағыты дұрыс болғанымен, шын мәнінде оның тетіктерін тежейтін, заң орындары кінәлі басшының абыройын қорғауға мүдделік таныта қалса, қалған жағына қарай икемдеп, бұрып әкетуге ыңғайлы келетін осындай түйе тайлы баптар жетерлік.

Дегенмен, жемқорлық билік еткен қоғамның алға баспайтынын ескерсек, оны кезек күттірмес мәселелер қатарында тез арада реттеуге тиістіміз. Ал бұдан да жақсы жетістікке жету үшін барлығымыз жұмыла дертпен күрескеніміз жөн болар. Сыбайлас жемқорлық бұзушылық фактілерінің  орын алмауына және оған жол бермеу мақсатында барлығымыз өз қызметіміз аясында.

Қазақстан Республикасының 18.11.2015 жылғы №410-V ҚРЗ «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын, 29.12.2015 жылғы №153 ҚР Президентінің Қазакстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдептілік нормаларын және мінез-құлық қағидаларын одан әрі жетілдіру жөніндегі шаралар туралы жарғысымен бекітілген, ҚР мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексін, ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Зандарын басшылыққа әрбір бөлім қызметкері салық төлеушілерге мемлекеттік қызмет көрсету кезінде қызметтік жағдайын жағымсыз жайттарға, мәселелерге қолдануға жол бермеуі керек, өз қызметінде тек қана қарапайымдылық таныту арқылы әрқашан әділ, әдепті және шыншыл болу керек, жұмысының жоғары кәсіби деңгейде болуына және сыбайлас жемқорлықтың орын алмауына күш салуы қажет деп ойлаймын. 

Егер де салық төлеушілер тарапынан қандай да бір пара беру сияқты фактілер анықталып жатса, тез арада бөлім басшысына хабарлай отырып, бұл жемқорлықтың орын алуына жол бермеңіздер. Бұл біздің мемлекетіміздің дамуына кедергі болар олқылықтардың жолын кесе отырып, қарқындап одан әрі дамуына қосқан үлестеріңіздің бірі болады деп есептеймін.

Автор: Алматы қаласы, Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының жеке кәсіпкерлерді әкімшелендіру бөлімі

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!