Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті.

  • 22.06.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1250
  • |
  • 0

Дата письма 22.06.2018

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – әрбір азаматтың міндеті.

 

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес Қазақстандағы өзекті мәселе болып табылады. Сыбайлас жемқорлық әлеуметтік-экономикалық даму үдерісіне кедергі келтіреді жәнеде елдің болашақ дамуына елеулі қатер төндіреді.

Жемқорлыққа қарсы күресте барлық адамдар заң мен сот алдында тең. Жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіру, сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың зиянды зардаптарын жою, олардың алдын-алу және барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзіреті шегінде күрес жүргізу, яғни жемқорлықпен күресу - жалпыға ортақ міндет. Осы кезекте мемлекеттік органның, мемлекеттік қызметкердің жұмысы, іс-әрекеті - шындық, айқындық адалдық, ашықтық принциптеріне негізделуі қажет.

Қазіргі таңда мемлекеттік кірістер басқармаларында сыбайлас жемқорлықтың деңгейін төмендету мақсатында  көптеген іс-шаралар ұйымдастырылып, жүзеге асырылуда. Осындай шаралардың бірі  салық  төлеушілердің  салық есептіліктерін электронды түрде  жүргізуіне  мүмкіндік беретін  СЕӨС АЖ, «Салық төлеушінің кабинеті» және АКЦИЗ АЖ, Астана-1 ақпараттық жүйелері қолданыста. Бұл ақпараттық жүйелер арқылы жылдық, тоқсандық салық есептіліктерін электронды негізде тапсыру үшін әрбір салық төлеушінің электрондық құжатының айқындылығын қамтамасыз ететін электронды цифрлық қолтаңбасы арқылы жүзеге асырады. Алайда өз жұмысын уақытынан бұрын  жүзеге асырғысы келетін кейбір салық төлеушілер сыбайлас жемқорлықтың пайда болуына мүмкіндік туғызады.  Осыған байланысты, ақпараттық технологиялардың дамыған заманында мемлекеттік кірістер басқармасында салық төлеушілердің салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруы, қызметкерлер мен салық төлеушінің қарым-қатынас орнатуына жол бермеуіне жағдай жасалуда.   

Сонымен қоса, салық төлеуші электронды негізде, өзінің дербес тіркеу деректерін бақылау, хабарлама алу, жеке шоттың ағымдағы жағдайын алуға және салықтық өтініштер ұсыну, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша салықтық берешектің туралы мәлімет алуға, салықтық есептілікті ұсыну (ұзарту, қайтадан бастау) тоқату туралы салықтық өтініш ұсыну, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер, өсімдер, айыппұлдар төленген сомаларына  есеп және қайтарым жүргізу туралы салықтық өтініш ұсынуға, қосылған құн салығын бақылауға, кеден одағының шегінде тауарлар экспорты (импорт) кезінде салық формаларын қабылдауға мүмкіндігі бар.   

Мемлекеттік қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша  басшылық тарапынан ұдайы техникалық оқулар, дөңгелек үстелдер өткізіліп тұрады. Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтар анықталған жағдайда +7(727) 267-15-40 сенім телефоны арқылы хабар бере алады.

 

 

Автор: Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы Ақпараттық технологиялар бөлімінің жетекші маманы Мұсабекова Жансая Ғабиденқызы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!