Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының күшейтілуі2

  • 18.01.2019
  • |
  • 0
  • |
  • 988
  • |
  • 0

Дата письма 18.01.2019

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес шараларының күшейтілуі

 

Сыбайлас жемқорлықпен күрес, бұл – ымырасыз, жүйелі, дәйекті, біртіндеп жүргізілетін жұмыс.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауаптылық, әкімшілік пен тәртіптік жауапкершілік тиісінше ҚР-ң Қылмыстық кодексінде және ҚР-ң Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген. Осы мақсатты жүзеге асыру барысында Мемлекет өз тарапынан жемқорлыққа қарсы жүргізілетін шараларды күшейту және мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілікті көбейтуді талап етуде. 29.12.2010ж.«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және мемлекеттік қызмет» туралы заңына, өзгертулермен толықтырулар енгізілді. Осы заңның 12 баптың 2 тармақшасында 2),3),4),5), 9),13),13-1) өзгертулер енгізілді. Мемлекеттік міндеттерді атқаруға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың 12 бабының 1-тармағында аталған қандай да болсын құқық бұзушылықтарды жасауы, егер онда қылмыстық жазаланатын әрекеттің белгілері болмаса, қызметінен төмендетуге, қызметінен босатуға немесе мемлекеттік міндеттерді атқарудан өзге де түрде босатуға не заңда белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға әкеп соғады.

Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтарды анықтауды, жолын кесуді алдын-алуды және жасалуына қарсы шараларды салық органдары да жүзеге асыруда.Салық төлеушілердің сенім деңгейін арттыру, жаңа сатыдағы мемлекеттік қызметшінің бет-бейнесін құру болып табылатын салық қызметі органдарындағы стратегиялық міндеттерді шешу үшін сыбайлас жемқорлық аясын тарылту, әр қызметкердің санасына қызметтік міндеттерін адал орындауын жеткізуге және сыбайлас жемқорлық көріністерін түп тамырымен құрту үшін оған қарсы әрекеттер жасауға бағытталған елеулі шаралар тұрақты түрде жүргізіледі. Салық қызметінде  сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті аса маңызды міндеттердің бірі - салық төлеушілерді мемлекеттік қызметшіге пара беруден бездіру, сөйтіп сыбайлас жемқорлықтың өсуін азайту.

Осыған орай, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды біріктірілген мақсатты негізде жүзеге асыру маңыздырақ болып табылады. Жемқорлыққа қарсы күресті жүргізу тек қана мемлекеттік қызметкерлер ғана емес, сонымен қатар Қазақстанның  әрбір азаматының міндеті!

Автор: Алматы қаласы Жетісу ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының Жетекші маманы Дельдебекова А.Е.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!