Сыбайлас жемқорлықпен күрес

  • 31.07.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 981
  • |
  • 0

Сыбайлас жемқорлықпен күрес.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес  мемлекеттік саясаттың, сондай-ақ салық қызметі органдары үшін негізгі басым бағыттардың бірі болып табылады.

         Заңды және жеке тұлғалардың, жеке кәсіпкерлердің ақпараттарын қабылдау және өңдеу  қызметтерін ұйымдастыру арқылы салық төлеушілерге қызмет көрсететін арнайы ақпараттарды қабылдау және өңдеу орталықтары жұмыс істейді. Бұл орталықтардың құрылуы негізінде салық төлеушілерге  айқын, нақты, тиімді қызмет көрсетуде, сонымен бірге сыбайлас жемқорлық іс-әрекеттерінің алдын алуда жоғары мүмкіндіктерге қол жеткізуге болады.

Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық. Осы тұрғыда Біздің Басқармада бірқкткр іс-шаралар атқарылып жатыр.

Басқармамызда   сыбайлас жемқорлықпен күресуге ерекше назар аударылып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алумен байланысты іс-шаралар жүзеге асырылады және салық қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу мақсатында үнемі техникалық сабақтар жүргізіліп отырады. Қызметкерлердің рухани бейнесін көтеру үшін әр түрлі жұмыстар, яғни мамандар арасында сұхбат жүргізу, сыбайлас жемқорлыққа байланысты орын алып жатқан қылмыстар бойынша видеоматериалдарды салық қызметкерлеріне көрсету негізінде жұмыстар іске асырылады.

         Өндірістік мәжілістерде салық төлеушілерден келіп түскен шағымдар, сыбайлас жемқорлықпен байланысты түсіндірме хаттар арнайы қаралады. Мемлекеттік кірістер басқармасы ғимаратының қабырғаларында, салық төлеушілер, салық органы қызметкерлерінің көрсеткен қызметтеріне келіспейтіндігі туралы хабарламаларын жіберуге мүмкіндік беретін электронды мекен-жайлар көрсетілген стендтер ілінген. Мемлекеттік кірістер басқармасында салық қызметкерлері арасында  әдептілік, ізгіниеттілік, салық төлеушіге нақты және толық ақпарат беру қағидалары негізінде  салық төлеушілердің қажеттілігін қанағаттандыру бойынша үнемі жұмыстар жүргізіледі.

Мемлекеттік кірістер басқармасындағы ең маңызды міндеттердің бірі  барлық әкімшілендіру үрдістерінің айқындылығын  қамтамасыз ету және оңайлату болып табылады. Біздің басқармамызда салық төлеушілердің салық есептіліктерін электронды түрде тапсыруына болатын «Салық төлеушілер терминалы» жұмыс істейді. Бұл терминалдардың болуы салық төлеушінің уақытын үнемдеуіне және салық инспекторымен тікелей қарым-қатынасының шектелуіне мүмкіндік береді. Және де үнемі  мемлекеттік қызметтердің  тапсырылу мерзімі қатал түрде қадағаланып отырады.

         Сондықтанда мемлекет үшін үлкен қауіп төндіретін  сыбайлас жемқорлықпен күресу және аталған құбылыстың орын алмауына жол бермеу мақсатында салық төлеушілер жағынан үлкен қолдау мен түсіністіктің қажет екендігін айтып өткен жөн.

 Сондықтанда сыбайлас жемқорлықпен күресу баршамыздың міндетіміз екендігін ұмытпағанымыз абзал.

         Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік кірістер органдарының абыройына, салық төлеушілердің сеніміне, сондай-ақ мемлекеттік нарықтық экономикасының дамуына, экономикалық және ұлттық қауіпсіздікке зиян келтіре отырып, өзінің кері әсерін тигізіп отыр.

Бүгінгі таңда сыбайлас жемқорлықпен күрес мемлекеттік кірістер органдарында жүйелі және комплекстік мінезге ие болып отыр. Сыбайлас жемқорлықтың сұрақтары тұрақты негізде Түрксіб ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының отырыстарында жиі қаралатын болды.

Басқармада Сыбайлас жемқорлықпен күрес және қызметтік этиканы сақтау сұрақтары бойынша комиссиялар құрылған.

         Біздің басқармада, салық төлеушілерге мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде салық қызметі органдарының қызметкерлерінің әрекеттерін регламенттеу жолымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтің сапасын жақсартуға бағытталған жұмыстар тұрақты негізде атқарылуда.     

         Ең бастысы сыбайлас жемқорлықтың тамырымен жойылуы үшін қызметкерлердің өз танымы, адамгершілігі және адалдығы болуы керек.

Автор: Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Асылбекова Үміт Айтқожақызы

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!