Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз.

  • 31.07.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1433
  • |
  • 0

Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз. 

Қазіргі таңда сыбайлас жемқорлықпен күресуден туындайтын қатынастарды реттейтін заңдар, нормативтік құқықтық актілер қабылдануда. Сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін – Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде, әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар үшін – Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде көзделген. Осында қылмыстық жауаптылық пен жаза, әкімшілік жауапкершілік пен пен шара тиісінше қарастырылған.

Сонымен қатар, 2015 жылғы 18 қарашада «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Аталған Заң сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді және Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған.

Осы Заңның 5-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты мен міндеттері анықталған.

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың мақсаты қоғамда сыбайлас жемқорлықты жою болып табылады.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатына қол жеткізу мынадай:
      1) қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбестік ахуалын қалыптастыру;

      2) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін жағдайлар мен себептерді анықтау және олардың салдарларын жою;

      3) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің өзара іс-қимылын нығайту;
      4) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі халықаралық ынтымақтастықты дамыту;

      5) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру міндеттерін шешу арқылы іске асырылады.

 

Аталған Заңның 9-бабында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру көзделген.

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі.

      2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру білім беру, ақпараттық және ұйымдастырушылық сипаттағы шаралар кешені арқылы жүзеге асырылады.
      3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім беру – тұлғаның адамгершілік, зияткерлік, мәдени тұрғыдан дамуы және сыбайлас жемқорлықты қабылдамаудағы белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру мақсатында жүзеге асырылатын, тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз процесі.

      4. Ақпараттық және ұйымдастырушылық қызмет бұқаралық ақпарат құралдарында түсіндіру жұмыстарын жүргізу, әлеуметтік маңызды іс-шараларды, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де шараларды ұйымдастыру арқылы іске асырылады.

Осы аталған заңнамалар бойынша Басқарманың әрбір бөлімінде техникалық сабақтар, пікірталастар жүйелі түрде жиі болып тұрады.

 

         Сыбайлас жемқорлықпен күресу - баршамыздың міндетіміз. Біздің  елімізде бұл  қасіреттің жайлауына орын жоқ. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықпен күресу жөніндегі әлем елдерінің тәжірибесін  басты назарға алып және оны қолданысқа енгізу арқылы  аталған жағымсыз құбылысқа қарсы тұру арқылы  еліміз қауіпсіз болмақ. 

Бүгінгі таңда тамыры тереңге жайылып бара жатқан сыбайлас жемқорлықпен  күресу елімізде ең басты мәселелердің бірі болып табылады. Әлемдегі  барлық елдерде  бұл әлеуметтік  қасірет  заң  бұзушылықтың ең үлкен түрі  бола отырып,  әрбір елдің дамуына үлкен зиян келтіретіні анық. Сондықтанда сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің  дамыған елдер қатарына  қосылуына ат салысар әрбір азамат үшін ең алдымен өзінің басты міндеті болып табылатындығын  ұмытпағаны абзал.

Автор: Алматы қаласы Түрксіб ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Мухаметжанова Индира Тлектесовна

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!