Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі

  • 27.08.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1060
  • |
  • 0

Дата письма 27.08.2018

Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары
және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі

 

   1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары және тәлімгерлерді бекітудің тәртібі «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңының 20-бабы 5-тармағына сәйкес әзірленді. 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) мемлекетік қызметші – мемлекеттік әкімшілік қызметке алғаш рет қабылданған, сондай-ақ оны тоқтатқаннан кейін мемлекеттік әкімшілік қызметке қайтадан кірген тұлға (бұдан әрі – қызметші);  2) сынақ мерзімі – қызметшілер үшін олардың орналасқан мемлекеттік лауазымдарға сәйкестігін тексеру мақсатында белгіленетін уақыт кезеңі; 3) тәлімгерлік – қызметшілерді қызметтік міндеттерін өз бетінше орындауға бейімдеу мен кәсіби дайындау үрдісі;  4) тәлімгер – қызметшіге бекітілген, оның кәсіби даярлығына практикалық көмек көрсететін мемлекеттік қызметші;  5) тәлімгерлер кеңесі – тәлімгерлердің қызметін үйлестіретін, персоналдың кәсіби деңгейін және оның сабақтастығын нығайтатын тұрақты жұмыс істейтін ұжымдық қызмет органы;      6) тәлімгерлер резерві – тәлімгерлер кеңесімен тәлімгерлік қызмет үшін ұсынылған мемлекеттік қызметшілер тізімі;      7) уәкілетті тұлға – мемлекеттік органның қызметшілерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар лауазымды тұлға.

   2-тарау. Сынақ мерзімінен өтудің қағидалары мен шарттары

      3. «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне алғаш рет кірген, сондай-ақ «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметіне оны тоқтатқаннан кейін қайтадан кірген мемлекеттік қызметшілер үшін сынақ мерзімі үш айды құрайды.      Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз болғанда сынақ мерзімі мемлекеттік лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) не ол уәкілеттік берген лауазымды адамның шешімі бойынша кейіннен қайта ұзартылмайтын үш айға ұзартылады.      4. Қызметшінің сынақ мерзімінен өту кезеңі мемлекеттік органның оны мемлекеттік лауазымға тағайындау туралы актісі шыққан сәтінен бастап саналады.
      5. Сынақ мерзімінің нәтижесi қанағаттанарлықсыз деп танудың негізі үшін қызметшімен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісті орындай алмауы болып табылады.      Барлық фактілер, сондай-ақ қызметшімен өзіне жүктелген лауазымдық міндеттерді тиісті орындай алмауды растайтын тәлімгер (немесе қызметшінің тікелей басшысы) ұсынған материалдар мен құжаттар персоналды басқару қызметімен (кадр қызметімен) жазбаша тіркеліп, жиналады және сынақ мерзімінің нәтижесі туралы ұсыныста көрсетіледі.

Автор: Ұйымдастыру, құжат айналымы және персоналмен жұмыс бөлімінің бас маманы Ж.А. Несипбаев

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!