Возврат налога на добавленную стоимость дипломатическим и приравненным к ним представительствам иностранных государств, консульским учреждениям иностранного государства, аккредитованным в Республике Казахстан, и их персоналу

  • 09.11.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 1124
  • |
  • 0

Дата письма 09.11.2018

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет

мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген

өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне

және олардың персоналына қосылған құн салығын қайтару

Салық кодексінің 436 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасында аккредиттелген шет мемлекеттердің дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктеріне, шет мемлекеттің консулдық мекемелеріне (бұдан әрі – өкілдік) және олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, осы өкілдіктердің дипломатиялық, әкімшілік-техникалық персоналына жататын адамдарға, олармен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, консулдық лауазымды адамдарға, консулдық қызметшілерге (бұдан әрі – персонал) Қазақстан  Республикасының аумағында сатып алған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін қосылған құн салығын қайтару, егер осындай қайтару Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда немесе қосылған құн салығы бойынша жеңілдіктер беру кезінде өзаралық қағидатты растайтын құжаттарда көзделген болса, жүргізіледі.

Қосылған құн салығын қайтаруды Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі бекіткен тізбеге енгізілген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органдары жүзеге асырады.

Кейбір өкілдіктерге қатысты өзаралық қағидат негізге алынып, қосылған құн салығын қайтарудың мөлшері мен шарттары бойынша шектеулер белгіленуі мүмкін.

Қосылған құн салығын қайтару бойынша шектеулер белгіленетін өкілдіктердің тізбесін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі уәкілетті органмен келісу бойынша бекітеді.

Егер осы баптың 2-тармағында өзгеше белгіленбесе, өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтару, егер осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген әрбір жеке шот-фактурада және төлеу фактісін растайтын құжаттарда сатып алынған тауарлардың, орындалған жұмыстардың, көрсетілген қызметтердің сомасы қосылған құн салығын қоса алғанда, республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және шот-фактураны жазып беру күнге қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің

8 еселенген мөлшерін құрағанда немесе одан асып кеткенде жүргізіледі.

Осы тармақта белгіленген шектеулер байланыс, электр энергиясы, су, газ және өзге де коммуналдық көрсетілетін қызметтер үшін төлемақыға қолданылмайды.

Салық органдары қосылған құн салығын қайтаруды өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостардың (тізілімдердің) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттар (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралар, төлеу фактісін растайтын құжаттар) көшірмелерінің негізінде жүзеге асырады.

Өкілдік персоналының мүшелеріне қатысты Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі берген аккредиттеу құжаттарының көшірмелері қосымша ұсынылады.

Есепті тоқсанда сатып алынған тауарлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер бойынша жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) өкілдіктер уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша қағаз жеткізгіште тоқсан сайын жасайды, өкілдіктің мөрімен куәландырылады және оған басшысы не соған уәкілеттік берген өзге лауазымды адамы қол қояды.

Өкілдіктер жасаған жиынтық ведомостар (тізілімдер) қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, өкілдік персоналы мүшесінің (мүшелерінің) Қазақстан Республикасында болу мерзімінің аяқталу жағдайларын қоспағанда, есепті тоқсаннан кейінгі айдың ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына беріледі.

Өзаралық қағидат расталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымы Қазақстан Республикасында аккредиттелген өкілдіктердің орналасқан жері бойынша салық органына ілеспе құжатпен бірге қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) береді.

Өкілдіктерге қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымынан жазбаша хабарламасы бар жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттарды алғаннан кейін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

Салық органдары жиынтық ведомостарды (тізілімдерді) және қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың көшірмелерін тексергеннен кейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық өкілдіктермен жұмыс жөніндегі ұйымына қосылған құн салығының сомаларын қайтару және (немесе) қайтарудан бас тарту туралы хабарлайды.

Қосылған құн салығының сомаларын қайтарудан бас тартқан жағдайда, салық органдары қандай бұзушылықтар жіберілгенін және оларға қандай құжаттар бойынша жол берілгенін хабарлайды.

Өкілдіктер ұсынған құжаттарда бұзушылықтар анықталған, оның ішінде қосылған құн салығының сомалары бөлек жолмен бөліп көрсетілмеген жағдайда, салық органдары тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді берушіге қарсы тексеру жүргізеді.

Егер қарсы тексеру жүргізу барысында анықталған бұзушылықтар осы баптың 6-тармағында белгіленген қайтару мерзімі ішінде жойылмаған болса, қосылған құн салығын қайтару бұзушылық анықталмаған не жойылған сомалар шегінде жүргізіледі.

Егер бұзушылықтар қарсы тексеру аяқталғаннан кейін жойылса, қосылған құн салығын қайтару қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып ұсынылған қосымша жиынтық ведомостың (тізілімнің) негізінде жүргізіледі.

Тауарлар сатып алынған, жұмыстар орындалған, қызметтер көрсетілген тоқсанда қайтаруға ұсынылмаған қосылған құн салығының сомасын өкілдіктер қосылған құн салығының төленгенін растайтын құжаттардың (осы Кодексте айқындалған тәртіппен жазып берілген

шот-фактуралардың, төлеу фактісін растайтын құжаттардың) көшірмелерін қоса бере отырып, ұсынылған жиынтық ведомостың (тізілімнің) негізінде қайтаруға ұсынуы мүмкін.

Өкілдіктер құжаттарды салық органдарына қазақ және (немесе) орыс тілдерінде жібереді.

Шет тілдерінде жасалған жекелеген құжаттар бар болған кезде өкілдіктің мөрімен расталған қазақ және (немесе) орыс тілдеріндегі аудармасы ұсынылады.

Қосылған құн салығын қайтаруды салық органдары өкілдіктердің және (немесе) өкілдіктер персоналының Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тәртіппен Қазақстан Республикасының банктерінде ашылған тиісті шоттарына жүргізеді.

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы тоқсан сайын келесі өкілдіктеріне ҚҚС сомасын қайтарады:

1) ҚР РФ елшілігі

2) ҚР Түркия елшілігі

3) ҚР АҚШ елшілігі

4) ҚР БАЭ елшілігі

5) ҚР Македония елшілігі

6) ҚР Катар елшілігі

7) ҚР Кувейт елшілігі

8) ҚР Испания елшілігі

9) ҚР Монғолия елшілігі

Астана қаласы дипломатиялық корпусқа қызмет көрсету жөніндегі басқарма атынан 01.01.2018 жылдан 30.09.2018 жылға дейін 9 елшілік бойынша 454 128 416 теңге ҚҚС сомасын қайтару сұратылды, ол сомадан Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы 310 975 934 теңге қайтарды.

 

 

Возврат налога на добавленную стоимость дипломатическим и приравненным к ним представительствам иностранных государств, консульским учреждениям иностранного государства, аккредитованным в Республике Казахстан, и их персоналу

 

Согласно ст.436 Налогового Кодекса РК, возврат налога на добавленную стоимость производится дипломатическим и приравненным к ним представительствам иностранных государств, консульским учреждениям иностранного государства, аккредитованным в Республике Казахстан (далее - представительство), и лицам, относящимся к дипломатическому, административно-техническому персоналу этих представительств, включая членов их семей, проживающих вместе с ними, консульским должностным лицам, консульским служащим, включая членов их семей, проживающих вместе с ними (далее - персонал), за приобретенные товары, выполненные работы, оказанные услуги на территории Республики Казахстан при условии, если такой возврат предусмотрен международными договорами, участником которых является Республика Казахстан, или документами, подтверждающими принцип взаимности при предоставлении льгот по налогу на добавленную стоимость.

Возврат налога на добавленную стоимость осуществляется налоговыми органами по месту нахождения представительств, включенных в перечень, утвержденный Министерством иностранных дел Республики Казахстан.

В отношении некоторых представительств, исходя из принципа взаимности, могут устанавливаться ограничения по размерам и условиям возврата налога на добавленную стоимость.

Перечень представительств, в отношении которых устанавливаются ограничения по возврату налога на добавленную стоимость, утверждается Министерством иностранных дел Республики Казахстан по согласованию с уполномоченным органом.

Если иное не установлено пунктом 2 настоящей статьи, возврат представительствам налога на добавленную стоимость производится при условии, если сумма приобретенных товаров, выполненных работ, оказанных услуг, включая налог на добавленную стоимость, в каждом отдельном счете-фактуре, выписанном в порядке, определенном настоящим Кодексом, и документах, подтверждающих факт оплаты, составляет или превышает 8-кратный размер месячного расчетного показателя, установленный законом о республиканском бюджете и действующий на дату выписки счета-фактуры.

Ограничения, установленные настоящим пунктом, не распространяются на плату за услуги связи, электроэнергию, воду, газ и иные коммунальные услуги.

Налоговые органы осуществляют возврат налога на добавленную стоимость на основании составленных представительствами сводных ведомостей (реестров) и копий документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость (счетов-фактур, выписанных в порядке, определенном настоящим Кодексом, документов, подтверждающих факт оплаты).

В отношении членов персонала представительства дополнительно представляются копии аккредитационных документов, выданных Министерством иностранных дел Республики Казахстан.

Сводные ведомости (реестры) по приобретенным товарам, выполненным работам, оказанным услугам за отчетный квартал составляются представительствами ежеквартально на бумажном носителе по форме, установленной уполномоченным органом, заверяются печатью и подписываются руководителем либо иным уполномоченным на то должностным лицом представительства.

Сводные ведомости (реестры), составленные представительствами, передаются в организацию по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан с приложением копий документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость (счетов-фактур, выписанных в порядке, определенном настоящим Кодексом, документов, подтверждающих факт оплаты), в течение месяца, следующего за отчетным кварталом, за исключением случаев завершения срока пребывания в Республике Казахстан члена (членов) персонала представительства.

После подтверждения принципа взаимности организация по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан передает в налоговый орган по месту нахождения представительств, аккредитованных в Республике Казахстан, с сопроводительным документом сводные ведомости (реестры) с приложением копий документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость (счетов-фактур, выписанных в порядке, определенном настоящим Кодексом, документов, подтверждающих факт оплаты).

Возврат налога на добавленную стоимость представительствам осуществляется налоговыми органами в течение тридцати рабочих дней после получения от организации по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан сводных ведомостей (реестров) и документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость, с письменным извещением.

Налоговые органы после проверки сводных ведомостей (реестров) и копий документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость, извещают организацию по работе с дипломатическими представительствами Министерства иностранных дел Республики Казахстан о возврате и (или) отказе в возврате сумм налога на добавленную стоимость.

В случае отказа в возврате сумм налога на добавленную стоимость налоговые органы сообщают, какие нарушения и по каким документам они были допущены.

В случае выявления в представленных представительствами документах нарушений, в том числе не выделения сумм налога на добавленную стоимость отдельной строкой, налоговыми органами производится встречная проверка у поставщика товаров, работ, услуг.

Если в течение срока возврата, установленного пунктом 6 настоящей статьи, не будут устранены нарушения, выявленные в ходе проведения встречной проверки, возврат налога на добавленную стоимость производится в пределах сумм, по которым не выявлены либо устранены нарушения.

Если нарушения устранены после завершения встречной проверки, возврат налога на добавленную стоимость производится на основании представленной дополнительной сводной ведомости (реестра) с приложением копий документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость (счетов-фактур, выписанных в порядке, определенном настоящим Кодексом, документов, подтверждающих факт оплаты).

Сумма налога на добавленную стоимость, не предъявленная к возврату за квартал, в котором приобретены товары, выполнены работы, оказаны услуги, может быть предъявлена к возврату представительствами на основании представленной сводной ведомости (реестра) с приложением копий документов, подтверждающих уплату налога на добавленную стоимость (счетов-фактур, выписанных в порядке, определенном настоящим Кодексом, документов, подтверждающих факт оплаты).

Представительства направляют документы в налоговые органы на казахском и (или) русском языках.

При наличии отдельных документов, составленных на иностранных языках, представляется перевод на казахский и (или) русский языки, заверенный печатью представительства.

Возврат налога на добавленную стоимость производится налоговыми органами на соответствующие счета представительств и (или) персонала представительств, открытые в банках Республики Казахстан в порядке, определенном законодательством Республики Казахстан.

Управление государственных доходов по Алматинскому району г.Астаны ежеквартально производит возврат сумм НДС по следующим представительствам:

1) Посольство РФ в РК

2) Посольство Турции в РК

3) Посольство США в РК

4) Посольство ОАЭ в РК

5) Посольство Македонии в РК

6) Посольство Катар в РК

7) Посольство Кувейт в РК

8) Посольство Испании в РК

9) Посольство Монголии в РК

Управлением по обслуживанию дипломатического корпуса Астана за период с 01.01.2018г. по 30.09.2018г. был запрошен возврат сумм НДС за 9 посольств 454 128 416 тенге, из них управлением государственных доходов по Алматинскому району было возвращено 310 975 934 тенге.

Автор: Управление Государственных Доходов по Алматинскому району г. Астаны Главный специалист Искакова А.Б.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!