Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңы.

  • 06.06.2018
  • |
  • 0
  • |
  • 2944
  • |
  • 0

Дата письма 06.06.2018

Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы заңы.

 

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы.

      Осы Заң жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру және қорғау мақсатында олардың өтiнiштерiн беру мен қарауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейдi.

2-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы

 

1.        Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы Қазақстан Республикасының  Конституциясына  негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзгеде нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

2.        Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда белгiленгеннен өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

 

3-бап. Осы Заңның қолданылу аясы

 

1.     Осы Заңның күшi өтiнiштер берген жеке және заңды тұлғаларға, өтiнiштердi қарайтын субъектiлер мен лауазымды тұлғаларға қолданылады. 

2.     Осы Заңның күшi қарау тәртiбi Қазақстан Республикасының  әкiмшiлiк құқық бұзушылыққылмыстық iс жүргiзуазаматтық iс жүргiзу туралы заңнамасында белгiленген жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiне қолданылмайды.

2-1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымдарды қарау мерзімдері «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңында белгіленеді.
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының 
Заңымен реттелетін, субъектілер алған немесе жасаған ақпаратты беру туралы сұрау салуларды ғана қамтитын жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне байланысты қоғамдық қатынастарға қолданылмайды.

 2-2. Мемлекеттік сатып алу саласындағы шағымдарды қарау тәртібі Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.

3.     Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттiк тапсырыс және (немесе) мемлекеттiк сатып алу шарттарына сәйкес тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсынатын заңды тұлғалар осы Заңға сәйкес аталған тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлетiн қызметтердi) ұсыну мәселелерi бойынша өтiнiштердi қарайды.

 

4-бап. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарауға байланысты                                       құқықтық қатынастарды реттеудiң негiзгi принциптерi:

 

      1) заңдылық; 
      2) өтiнiштерге қойылатын талаптардың бiрыңғайлылығы; 
      3) жеке және заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуының кепiлдiктерi;
      4) өтiнiштердi қарау кезiнде төрешiлдiк көрiнiстерiне және әуре-сарсаңға салуға жол бермеу; 
      5) жеке және заңды тұлғалардың теңдiгi; 
      6) субъектiлер мен лауазымды тұлғалар қызметiнiң өтiнiштердi қарау кезiндегi ашықтығы болып табылады.

   

5-бап. Қарауға жатпайтын өтiнiштер

 

1.     Мыналар қарауға жатпайды: 

1)     мұндай өтiнiште дайындалып жатқан немесе жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтар туралы не мемлекеттiк немесе қоғамдық қауiпсiздiкке төнетiн қауiп туралы мәлiметтер бар және мемлекеттiк органдардың құзыреттерiне сәйкес оларға дереу жiберiлуге тиiс жағдайларды қоспағанда, иесi бүркемеленген өтiнiш; 

2)     мәселенiң мәнi баяндалмаған өтiнiш. 

    2. Егер өтiнiштi қараусыз қалдыруға негiз болған жағдайлар кейiннен жойылса, субъект немесе лауазымды тұлға аталған өтiнiштi қайта қарауға мiндеттi.

    

6-бап. Жазбаша өтiнiшке, бейнеөтінішке және  бейнеконференцбайланысқа қойылатын талаптар

 

1.     Өтiнiш құзыретiне өтiнiште қойылған мәселелердi шешу кiретiн субъектiге немесе лауазымды тұлғаға жiберiлуге тиiс. 

2.     Жеке тұлғаның өтiнiшiнде – оның тегi, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесiнiң аты, жеке сәйкестендіру нөмірі (ол болған кезде), пошталық мекенжайы, заңды тұлғаның өтiнiшiнде оның атауы, пошталық мекенжайы, бизнес-сәйкестендіру нөмірі көрсетiледi. Өтiнiшке жеке тұлға немесе заңды тұлғаның өкілі қол қоюға тиiс.

Шағым жасалған кезде iс-әрекетiне шағым жасалып отырған субъектiнiң атауы немесе лауазымды тұлғалардың лауазымы, тегi және аты-жөнi, өтiнiш жасау себептерi мен талаптары көрсетiледi.

3.     Субъектiге тiкелей жазбаша не бейнеөтініш арқылы өтiнiш жасаған арыз берушiге тiркелген күнi мен уақыты, өтiнiштi қабылдаған адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талон берiледi.

4.     Жеке және заңды тұлғалардың мемлекеттік органдар басшыларына және олардың орынбасарларына бейнеконференцбайланыс немесе бейнеөтініш арқылы жүгіну тәртібін ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.     

Автор: Алматы қаласы Наурызбай ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы «Ұйымдастыру, құжат айналымы және персоналмен жұмыс» бөлімінің бас маманы Турлымбекова Асел Бекетовна.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!