Банкротство физических лиц

  • 18.01.2023
  • |
  • 0
  • |
  • 600
  • |
  • 0

 

Алатау Ауданы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының бас маманы Мұратбек Әйгерім Мұратбекқызы « Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіріу және банкроттық туралы» жаңа Заңды тусіндіруде.

Мемлекет басшысы өткен жылдың  30 желтоқсанында « Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіріу және банкроттық туралы» Заңына қол қойған болатын.

Енді азаматтар наурыз  айынан бастап өзін банкрот деп тану үшін арыз берулеріне  болады.

Заңмен 3 түрлі рәсім қарастырылған.

1. Соттан тыс банкроттық

2.Сот банкроттығы

3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

 

2. Соттан тыс банкроттық

Мемлекеттік кірістер басқармасымен қарастырылады

Өтініш EGOV электрондық үкімет порталы арқылы беріледі

 

Қарыздар:

1. Екінші деңгейдегі банктер;

2. Микроқаржы ұйымдары;

3. Коллекторлық агенттіктер алдындағы бойынша.

 

Шарттары:

1. Қарыз 5,5 млн. теңгеден (1600 АЕК) аспайды және 12 айдан артық өтелмейді

Ақпарат https://id.mkb.kz сайтында қол жетімді

2. Мемлекеттік тіркеуге жататын мүлік (Жылжымайтын мүлік, жер және көлік құралдары) жоқ

Ақпарат E.gov.kz сайтында қол жетімді

3. Банкпен, микроқаржы ұйымымен борышты реттеу туралы құжаттың болуы (коллекторлар бойынша талап етілмейді)

 

Ерекше шарттары:

1. 6 ай бойы атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар үшін - борышты өтемеу кезеңінің бөлігінде 1-шарт ескерілмейді

2. Егер қарыз 5 жылдан артық өтелмесе - жоғарыда аталған барлық Шарттар ескерілмейді

 

2. Сот банкроттығы

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

Шарттары:

Барлық кредиторлар алдындағы қарыздың барлық түрлері бойынша

Нені білу керек:

1. Сот банкроттығы барысында борышкердің мүлкі сауда - саттықта сатылады

2. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл нысанасы болып табылса, онда кредитор оны сот банкроттығы барысында алып қоюға құқылы

3. Егер жалғыз тұрғын үй кепіл болып табылмаса, ол мүліктік массаға енгізілмейді

4. Қаржы басқарушысы тағайындалады

5. Қаржы басқарушысының қызметтеріне ақы төлеу борышкердің мүлкі есебінен жүргізіледі (айына 1 ЕТЖ)

Банкроттықты жүргізу мерзімі - 6 айға ұзарту мүмкіндігімен 6 ай

Рәсімді қолдану барысындағы шектеулер:

1. Мүлікті иеліктен шығару немесе жаңа міндеттемелер қабылдау (қарыздар алу, кепілдіктер мен кепілгерліктер беру) бойынша мәмілелер жасауға тыйым салынады

2. Рәсімді жүргізу кезеңінде шетелге шығуға тыйым салу

 

3. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру

Сотпен қарастырылады

Өтініш борышкердің тұрғылықты жері бойынша сотқа беріледі

 

Шарт:

Қарыздың мөлшері тиесілі мүліктің құнынан аспайды

Сауықтыру шаралары:

1. Мүліктің бір бөлігін сату, мүлікті жалға беру

2. Жаңасын сатып алу арқылы тұрғын үйді сату, құны төмен тұрғын үйге айырбастау және т.б.

Артықшылықтары:

1. «Банкрот» мәртебесі берңлмейді

2. Теріс салдарсыз (қаржылық мониторинг жүргізілмейді, несие алуға шектеулер жоқ)

3. Қарыздар бойынша бөліп төлеу (5 жылға дейін)

4. Шетелге шығуға шектеу жоқ

5. Төлем қабілеттілігін қалпына келтіру жоспарын әзірлеу кезінде қаржы басқарушысының көмегі

6. Қарыздың бір бөлігін есептен шығару мүмкіндігі.

 

Өтінішке қоса беріледі

1. Кредиторлар тізбесі (банктер, микроқаржы ұйымдары, коллекторлық агенттіктер)

2. Банкпен, микроқаржы ұйымдарымен борышты реттеу туралы құжат (коллекторлар бойынша талап етілмейді) 

 

Банкроттың салдары

1. Банктерден және микроқаржы ұйымдарынан 5 жыл қарыз алуға тыйым салынады

2. Қайта банкроттық 7 жылдан кейін мүмкін болады

3. Банкроттықтан кейін 3 жыл ішінде мүлікті сатып алуды бақылау (мониторинг) жүзеге асырылады.

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!