Марат Сұлтанғазиев салық салудың жаңа ережесін енгізуді ұсынды

  • 06.03.2023
  • |
  • 0
  • |
  • 537
  • |
  • 0

Марат Сұлтанғазиев салық салудың жаңа ережесін енгізуді ұсынды

Бүгін Қонаев қаласында Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының жиыны өтті.

Фото: Аслан Қажеке

Шарада облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев салық салу бойынша бірнеше мәселелерге тоқталып, жерді пайдалану туралы жаңа ереже енгізуді ұсынды.

«Қазіргі таңда облыста ауыл шаруашылығы жерлері белгіленген мақсатта пайдаланылмай жатқаны туралы деректер тіркеліп жатыр. Ал осындай заңды бұзып жатқан адамдарға 20 еселенген салық салынады. Сондықтан жерді облыстың басты активіне айналдыра отырып, оны пайдалануға салық салудың жаңа ережесін енгізуді ұсынамыз», – деді Марат Сұлтанғазиев.

Сонымен қатар жиында облыс әкімі өңірде экспортқа шығарушыларға қосымша құн салығын (ҚҚС) қайтару мәселесі де өзекті тұрғанын айтты.

«Атап айтқанда, «Маревен фуд» компаниясы экспорттаушыларға ҚҚС-нан асып кеткен 6 млрд теңгеге жуық ақшаны қайтаруы тиіс», – деді облыс әкімі.

Марат Сұлтанғазиевтің көтерген келесі мәселесі – ойынхана иелеріне салынатын салықтар. Өңір басшысының айтуынша, Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағында көрсетілгендей, ойынханалардағы, букмекерлік кеңселердегі ұтысқа байланысты иелеріне 10 пайыздық мөлшерлеме ретінде салық салынады. Осыған байланысты ұтыс төлемдерін жасайтын нысандардың кіріс салығын әкімшілендіру мәселесін қайта қарастыру қажет.

Автор: www.alataunews.kz

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!