Всеобщее декларирование (25.08.2022)

  • 25.08.2022
  • |
  • 0
  • |
  • 595
  • |
  • 0

Всеобщее декларирование.

Управление государственных доходов по Турксибскому району г. Алматы сообщает, что в соответствии с Законом Республики Казахстан от 25 декабря 2017 года № 121-VI «О введении в действие Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) (далее – Закон) с 1 января 2021 года вводится в действие глава 71 Кодекса Республики Казахстан «О налогах и других обязательных платежах в бюджет» (Налоговый кодекс) «Всеобщее декларирование».

На основании статьи 45-1 Закона всеобщее декларирование вводится поэтапно.

На первом этапе (с 1 января 2021 года) обязаны декларироваться лица, занимающие ответственную государственную должность, и их супругов; лица, уполномоченные на выполнение государственных функций и приравненные к ним, а также их супругов; лица, на которых возложена обязанность по представлению в соответствии с Конституционным Законом Республики Казахстан «О выборах в Республики Казахстан» и Законом Республики Казахстан «О противодействии коррупции», «О банках и банковской деятельности в Республики Казахстан», «О страховой деятельности», «О рынке ценных бумаг».

На втором этапе (с 1 января 2023 года) работники государственных учреждений и их супруги, а также работники субъектов квазигосударственного сектора и их супруги.

На третьем этапе с 2024 года руководители, учредители (участники) юридических лиц и их супруги, индивидуальные предприниматели и их супруги.

Заключительным этапом в 2025 году войдут оставшиеся категории граждан, то есть практически все взрослое население страны.

Физические лица в первый год вхождения в систему всеобщего декларирования обязаны представить Декларацию об активах и обязательствах (форма 250.00). В последующие годы представляется Декларация о доходах и имуществе (форма 270.00).

Декларация об активах и обязательствах (форма 250.00) представляется для фиксации накопленных активов и обязательств на дату вхождения в систему декларирования.

Сроки представления деклараций по месту жительства (пребывания) на бумажном носителе – не позднее 15 июля 2021 года, либо в электронном виде – не позднее 15 сентября 2021 года.

Декларацию об активах и обязательствах можно представить в электронном виде через Кабинет налогоплательщика (cabinet.salyk.kz), Портал «электронного правительства» (egov.kz), а также через мобильные приложения e-Salyq Azamat.

Более подробная информация опубликована на официальном сайте Комитета государственных доходов Министерства финансов Республики Казахстан (kgd.gov.kz) в разделе «Всеобщее декларирование».

УГД ПО ТУРКСИБСКОМУ РАЙОНУ Г.АЛМАТЫ

 

Жалпыға бірдей декларациялау

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы № 121-VI ҚРЗ Заңының 45-1-бабы негізінде Қазақстанда жалпыға бірдей декларациялау 4 кезеңде енгізіледі.

1 кезең – 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап

жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген адамдар мен олардың жұбайлары (зайыптары);

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес декларацияны табыс ету міндеті жүктелген тұлғалар.

Жоғарыда аталған тұлғалардың анықтамалары «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында бекітілген. Одан басқа Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы     № 150 «Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» Жарлығымен саяси және әкімшілік мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілген.

2 кезең – 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап

Мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және т. б. саласын қоса алғанда) және олардың жұбайлары (зайыптары);
квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қызметкерлері және олардың жұбайлары (зайыптары).

3 кезең – 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап

заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары) және олардың жұбайлары (зайыптары);

дара кәсіпкерлер және олардың жұбайлары (зайыптары).

4 кезең – 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап азаматтардың қалған санаты.

Жалпыға бірдей декларациялау кезінде жеке тұлғалар  қандай декларация нысандарын тапсыруға тиіс?

Декларациялау жүйесіне енген кезде ативтер мен міндеттемелер туралы (250.00 - нысан) декларацияны тапсыратын болады.

Кейіннен халық жыл сайын кірістер мен мүліктер туралы  (270.00 - нысан) декларацияны тапсыратын болады.   

Декларацияларды ұсыну мерзімдері 

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны тұрғылықты (болу) жері бойынша тапсырады:

1) қағаз жеткізгіште тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылғы 15 шілдеден кешіктірмей;

2) электронды түрде тапсырған жағдайда – декларацияны тапсыру міндеттемесі туындаған ағымдағы жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірмей тапсырады.

Декларацияны тапсыру мерзімдері келесі декларация тапсыратын тұлғаларға қолданылмайды.:

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сайланбалы лауазымдарға кандидаттар;

мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындаумен байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайы (зайыбы);

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», «Сақтандыру қызметі туралы», «Бағалы қағаздар нарығы туралы» Заңдарына сәйкес банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болғысы келетін тұлғалар.

Сайланбалы лауазымдарға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) кандидат ретінде тіркелгенге дейін декларация тапсырады. Мәліметтер ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Мемлекеттік лауазымға не мемлекеттік немесе оларға теңестірілген функцияларды орындауға байланысты лауазымға кандидаттар және олардың жұбайлары (зайыптары) лауазымға тағайындау құқығы бар лауазымды адамның (органның) лауазымға тағайындау туралы актісі шыққанға дейін декларацияны ұсынады. Мәліметтер декларация тапсырылатын айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Банктің, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы, инвестициялық портфельді басқарушы болуға тілек білдірген тұлғалар уәкілетті органға банктің ірі қатысушысы мәртебесін, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының ірі қатысушысы мәртебесін, инвестициялық портфельді басқарушының ірі қатысушысы мәртебесін иелену туралы өтініш берген күнге дейін Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны (250.00-нысан) тапсырады. Активтер мен міндеттемелер туралы декларациядағы (250.00-нысан) мәліметтер осы декларация тапсыратын айдың бірінші күніне көрсетіледі.

Активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны табыс ету тәсілдері:

Электрондық түрде – «Салық төлеушінің кабинеті» мемлекеттік кірістер комитетінің web-порталы (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz) арқылы, сондай-ақ eSalyq Аzamat  мобильді қосымшасы арқылы.

Қағаз түрінде – мемлекеттік кіріс органдарына келу тәртібімен не тапсырыс хатпен пошта арқылы жіберіледі 

Жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңіне кіретін адамдар үшін тұрғылықты жері (келу орны) бойынша декларацияны қағаз нұсқада тапсыру мерзімі – 2021 жылдың 15 шілдесінен кешіктірмей немесе электрондық нұсқада – 2021 жылдың 15 қыркүйегінен кешіктірілмеуі тиіс.

Одан әрі, активтер мен міндеттемелер туралы Декларацияны (250.00 СЕН) тапсырғаннан кейін, осы санаттағы тұлғалар 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап жыл сайын кірістері мен мүліктері туралы Декларация (270.00 СЕН) тапсыруы қажет болады. 

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫ БОЙЫНША ТҮРКСІБ АУДАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ

Автор: УГД ПО ТУРКСИБСКОМУ РАЙОНУ Г.АЛМАТЫ

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!