Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық

  • 28.04.2023
  • |
  • 0
  • |
  • 678
  • |
  • 0

Астана қаласы Алматы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы

Ахмет Жубанов 16 көшесі, 209 бөлім, өндірістік емес төлемдер бөлімінің бас маманы Омирсерик М.Т.

Тақырып «Жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салық»  

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Салық кодексінің 490 бабына сәйкес

1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, меншік құқығында салық салу объектілері бар жеке тұлғалар және меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығында салық салу объектілері бар заңды тұлғалар көлік құралдары салығын төлеушілер болып табылады.

   Заңды тұлға өз шешімімен өзінің құрылымдық бөлімшесін Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасына сәйкес осындай құрылымдық бөлімшеге тіркелген көлік құралдары бойынша көлік құралдары салығын өз бетінше төлеуші деп тануға құқылы.

      Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, заңды тұлғаның осындай тану немесе осындай тануды тоқтату туралы шешімі осындай шешім қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Егер жаңадан құрылған құрылымдық бөлімше көлік құралдары салығын өз бетінше төлеуші деп танылса, онда заңды тұлғаның осындай тану туралы шешімі осы құрылымдық бөлімше құрылған күннен бастап немесе осы құрылымдық бөлімше құрылған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.

491-бап. Салық салу объектілері

      1. Тiркемелердi қоспағанда, Қазақстан Республикасында тiркелген және (немесе) есепте тұрған көлiк құралдары салық салу объектiлерi болып табылады.

      2. Мыналар салық салу объектiлерi болып табылмайды:

      1) 40 тонна және одан жоғары жүк көтеретін карьерлiк автосамосвалдар;

      2) мамандандырылған медициналық көлiк құралдары;

  3) Қазақстан Республикасының халықаралық кеме тізілімінде тіркелген теңіз кемелері;

      4) мүлік салығын салу объектісі болып табылатын арнайы автомобильдер.

492-бап. Салықтық мөлшерлемелер

      1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, салықты есептеу айлық есептік көрсеткіштермен белгіленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргізіледі:

Р/с

      Салық салу объектісі    Салықтық мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

1       2       3

1. Қозғалтқышының көлемі бойынша мынадай сараланған жеңіл автомобильдер (текше см.):        

         1 100-ге дейін қоса алғанда   1

         1 100-ден жоғары 1 500-ге дейін қоса алғанда  2

         1 500-ден жоғары 2 000-ға дейін қоса алғанда  3

         2 000-нан жоғары 2 500-ға дейін қоса алғанда  6                                     

         2 500-ден жоғары 3000-ға дейін қоса алғанда   9

         3 000-нан жоғары 4 000-ға дейін қоса алғанда  15

         4 000-нан жоғары 117

2. Жүк көтергiштiгi бойынша мынадай сараланған жүк, арнайы автомобильдер (тiркемелердi есептемегенде):        

         1 тоннаға дейін қоса алғанда 3

         1 тоннадан жоғары 1,5 тоннаға дейін қоса алғанда    5

         1,5 тоннадан жоғары 5 тоннаға дейін қоса алғанда    7

         5 тоннадан жоғары       9

3. Тракторлар, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналар және жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарында жүруге арналмаған басқа да автокөлік құралдары        3

4. Отыратын орындардың саны бойынша мынадай сараланған автобустар:      

         отыратын 12 орынға дейін қоса алғанда  9

         отыратын 12-ден жоғары 25 орынға дейін қоса алғанда      14

         отыратын 25 орыннан жоғары        20

5. Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған мотоциклдер, мотороллерлер, мотошаналар, шағын кемелер:

         55 кВт-ға (75 ат күшiне) дейiн қоса алғанда      1

         55 кВт-дан (75 ат күшiнен) асатын 10

6. Қозғалтқышының қуаты бойынша мынадай сараланған катерлер, кемелер, буксирлер, баржалар, яхталар (ат күшімен);     

         160-қа дейін қоса алғанда      6

         160-тан жоғары 500-ге дейін қоса алғанда        18

         500-ден жоғары 1 000-ға дейін қоса алғанда     32

         1000-нан жоғары 55

7. Ұшу аппараттары қуаттың әрбір киловатынан айлық есептік көрсеткіштің

4 пайызы

8. Мыналар:

кез келген санаттағы поездарды магистральдық жолдармен жүргiзу үшiн;

магистральдық, станциялық және тар және (немесе) кең табанды кiрме жолдарда маневр жұмыстарын жүргiзу үшiн;

өнеркәсiптiк теміржол көлiгi жолдары мен магистральдық және станциялық жолдарға шықпайтын жолдарда пайдаланылатын теміржолдың жылжымалы тартқыш құрамы         көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң

1 пайызы

         Тар және кең табанды магистральдық және станциялық жолдармен жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру үшiн пайдаланылатын моторлы-вагонды жылжымалы құрам, сондай-ақ қалалық рельстік көліктің көлік құралдары      көлiк құралының жалпы қуатының әрбір киловатынан айлық есептiк көрсеткiштiң 1 пайызы

      2. Қазақстан Республикасында 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін шығарылған (жасалған немесе құрастырылған) немесе Қазақстан Республикасының аумағына 2013 жылғы 31 желтоқсаннан кейін әкелінген, қозғалтқышының көлемі 3000 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер үшін салықты есептеу айлық есептiк көрсеткiштермен белгiленген мынадай мөлшерлемелер бойынша жүргiзiледi:

Р/с

      Салық салу объектісі    Салықтық мөлшерлеме (айлық есептік көрсеткіш)

1       2       3

1.      Қозғалтқышының көлемі мынадай сараланған жеңіл автомобильдер (текше см):   

         3 000-нан жоғары 3 200-ді қоса алғанда   35

         3 200-ден жоғары 3 500-ді қоса алғанда   46

         3 500-ден жоғары 4 000-ды қоса алғанда 66

         4 000-нан жоғары 5 000-ды қоса алғанда 130

         5 000-нан жоғары 200

      3. Салықты есептеу үшін республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіш қолданылады.

      4. Осы Кодекстiң мақсаттары үшiн:

      1) жеңiл автомобильдерге:

      В санатындағы (ВЕ, В1-ді қоса алғанда) автомобильдер;

      жүкке арналған платформасы және жүк бөлiгiнен қатты стационарлық қабырғамен бөлiнген жүргiзушi кабинасы бар жеңiл автомобиль шассиiндегi моторлы көлiк құралдары (пикап автомобильдер);

      рұқсат етiлген ең жоғары массасы және (немесе) жолаушылар орындарының саны бойынша В санатына (ВЕ-ні қоса алғанда) қойылатын талаптардан асып кететін, сыйымдылығы ұлғайтылған және жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары автомобильдер (жолсыз жермен де жүретiн автомобильдер, оның iшiнде джиптер, сондай-ақ кроссоверлер мен лимузиндер) жатады;

    2) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, жүк автомобильдерiне С санатындағы (СЕ, С1Е, С1-ді қоса алғанда) автомобильдер жатады;

      3) егер осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында өзгеше белгiленбесе, арнайы автомобильдерге белгiлi бiр технологиялық процестердi немесе операцияларды орындауға арналған арнайы жабдығы бар автомобильдер жатады;

      4) егер осы тармақтың 1) тармақшасында өзгеше белгiленбесе, автобустарға D санатындағы (DЕ, D1Е, D1-ді қоса алғанда) автомобильдер жатады.

      5. Қозғалтқышының көлемі 1500 текше сантиметрден асатын жеңіл автомобильдер бойынша салық сомасы осы баптың 1 немесе 2-тармағында белгіленген қозғалтқыш көлемі бойынша тиісті саралаудың төменгі шекарасынан асып кеткен әрбір бірлік үшін 7 теңгеге ұлғаяды.

      6. Осы баптың мақсатында Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген жеңіл автомобильдерді бастапқы мемлекеттік тіркеу күні оларды әкелу күні болып есептеледi.

      7. Пайдаланылу мерзіміне қарай ұшу аппараттарына салықтық мөлшерлемелерге мынадай түзету коэффициенттері қолданылады:

      1999 жылғы 1 сәуірден кейін Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерлерде сатып алынған ұшу аппараттарына:

      пайдаланылу мерзімі 5 жылдан жоғары 15 жылға дейін қоса алғанда – 2,0;

      пайдаланылу мерзімі 15 жылдан жоғары – 3,0.

      8. Көлік құралының пайдаланылу мерзімі көлік құралының паспортында (әуе кемесін ұшуда пайдалану жөніндегі нұсқамада) көрсетілген шығарылған жылы негізге алына отырып есептеледі.

      9. Жүк және арнайы автомобильдер бойынша салықты есептеу үшін көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта және (немесе) нұсқамада көрсетілген көлік құралының жүк көтергіштігінің көрсеткіші пайдаланылады. Егер көлік құралын пайдалану жөніндегі нұсқаулықта (нұсқамада) жүк көтергіштігінің көрсеткіші көрсетілмесе, ол көлік құралының рұқсат етілген ең жоғарғы массасы мен көлік құралының жүктемесіз массасы (жабдықталған көлік құралының массасы) арасындағы айырма ретінде есептеледі.

493-бап. Салықты есептеу тәртiбi

      1. Салық төлеушi осы Кодекстің 492-бабына сәйкес салық салу объектiсіне салықтық мөлшерлемелерді қолдану арқылы салықтық кезең үшiн салық сомасын өз бетінше есептейдi.

      2. Ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін арнаулы салық режимін қолданатын салық төлеушілер көлік құралы салығын есептеуді осы Кодекстің 490-бабы 3-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген көлік құралдарын қоспай, осы Кодекстің 78-тарауының ережелерін ескере отырып жүргізеді.

      3. Көлік құралы салық кезеңiнен аз уақыт меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған жағдайда, салық сомасы көлiк құралы осындай құқықта іс жүзінде болған кезең үшiн жылдық салық сомасын он екіге бөлу және көлiк құралы осындай құқықта іс жүзінде болған айлардың санына көбейту арқылы есептеледi.

      4. Салықтық кезең ішінде меншік, шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығын басқаға берген кезде салық салу объектілеріне салық сомасы мынадай тәртіппен есептеледі:

      1) беруші тарап үшiн:

      салық кезеңiнiң басында болған көлiк құралдары бойынша салық сомасы салық кезеңiнiң басынан бастап көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы берілген айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

      салық кезеңiнiң iшiнде беруші тарап сатып алған көлiк құралдары бойынша салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап осындай құқық басқаға берілген айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшiн есептеледi;

      2) алушы тарап үшiн – салық сомасы көлiк құралына меншiк құқығы, шаруашылық жүргiзу құқығы немесе жедел басқару құқығы алынған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiн немесе алушы тарап кейiннен осындай құқықты басқаға берген айдың 1-күнiне дейiнгi кезең үшін есептеледi.

      5. Жеке тұлғалар сатып алу кезінде Қазақстан Республикасында есепте тұрмаған көлiк құралын сатып алған кезде салық сомасын көлiк құралына меншiк құқығы туындаған айдың 1-күнiнен бастап салық кезеңiнiң соңына дейiнгi немесе меншік құқығы тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшiн есептейді.

      6. Көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган салық органдарына беретін көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы қылмыстық іс қозғау фактісін (күнін) растайтын мәліметтер иелерінен айдап әкетілген және (немесе) ұрланған деп саналған көлік құралын іздестіру кезеңінде салық төлеуден босату үшін негіз болып табылады.

      Бұл ретте мұндай салықты есептеу (есепке жазу) көлік құралын айдап әкету (ұрлау) туралы қылмыстық іс қозғалған күннен бастап тоқтатылады.

      Салықты есептеу (есепке жазу) көлік құралдарын тіркеу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның салық органдарына берген мәліметтер негізінде көлік құралын айдап әкету (ұрлау) және оны қайтару туралы қылмыстық істі тоқтатқан күннен бастап бастап қайта басталады.

      7. Заңды тұлғалар салықтық кезеңнің басында меншік құқығында, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында болған көлік құралдары бойынша, сондай-ақ салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде мұндай құқықтар туындаған және (немесе) тоқтатылған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді:

      1) егер көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде туындаған және салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейін тоқтатылмаған жағдайда – осындай құқық туындаған айдың 1-күнінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

      2) егер салықтық кезеңнің басынан бастап салықтық кезеңнің 1 шілдесіне дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы:

      тоқтатылған жағдайда – салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

      туындаған және тоқтатылған жағдайда – көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған айдың 1-күнінен бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы мөлшерінде;

      3) қалған жағдайларда – жылдық салық сомасы мөлшерінде есептейді. Бұл ретте салықтық кезеңнің 1 шілдесінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезеңде көлік құралдарына меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы тоқтатылған жағдайда, декларацияда салықтық кезеңнің басынан бастап осындай құқық тоқтатылған айдың 1-күніне дейінгі кезең үшін есептелген салық сомасы көрсетіледі.

      8. Заңды тұлғалар салықтық кезеңнің 1 шілдесінен бастап салықтық кезеңнің соңына дейінгі кезеңде меншік құқығы, шаруашылық жүргізу құқығы немесе жедел басқару құқығы туындаған көлік құралдары бойынша ағымдағы төлемдерді есептемейді және ағымдағы төлемдердің есеп-қисабын ұсынбайды. Бұл ретте декларацияда осы баптың 4-тармағының 2) тармақшасында айқындалған тәртіппен есептелген салық сомасы көрсетіледі.

      9. Есепті салықтық кезең үшін жеке тұлғалардың көлік құралдары салығы бойынша есеп-қисаптар сальдосын айқындау мақсатында салық органдары көлік құралдарын есепке алуды және тіркеуді жүзеге асыратын уәкілетті органдар автоматтандырылған режимде ұсынатын мәліметтердің негізінде есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 мамырынан кешіктірмейтін мерзімде салық есептеуді жүргізеді.

      Ескерту. 493-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

494-бап. Салық төлеу мерзiмдерi мен тәртібі

      1. Заңды тұлғалар ағымдағы төлемдер сомасын төлеуді салық салу объектiлерiнiң тiркелген жерi бойынша ағымдағы төлемдердi салық кезеңiнiң 5 шiлдесiнен кешiктiрмей енгiзу арқылы жүргiзедi.

      2. Көлiк құралына меншiк құқығын, шаруашылық жүргiзу құқығын немесе жедел басқару құқығын салықтық кезеңнің 1 шiлдесінен кейiн алған жағдайда, заңды тұлғалар көрсетiлген көлiк құралы бойынша салық төлеудi салықтық кезең үшiн декларацияны ұсыну мерзiмi басталғаннан кейiнгi күнтізбелік он күннен кешiктiрмей жүргiзедi.

      3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, есепті салықтық кезеңнен кейінгі жылдың 1 сәуірінен кешіктірілмейтін күн жеке тұлғалар үшін бюджетке салық төлеу мерзімі болып табылады.

      Салық салу объектісі болып табылатын көлік құралына қатысты Қазақстан Республикасының жол жүрісі туралы заңнамасына сәйкес тіркеу әрекеттері жүзеге асырылған жағдайда, меншік құқығын беретін тұлға осындай объектіні иеленген іс жүзіндегі кезең үшін төленуге жататын салық сомасы осы Кодексте айқындалған тәртіппен көрсетілген әрекеттер жасалғанға дейін бюджетке енгізілуге тиіс.

      4. Жеке тұлғалар салық төлеуді тұрғылықты жері бойынша жүргізеді.

      5. Көлiк құралының меншiк иесi атынан иеліктен шығару құқығымен көлік құралын басқаруға арналған сенімхат негізінде сенім білдірілген болып табылатын жеке тұлғаның салықтық кезең үшін көлiк құралдарына салық төлеуi көлiк құралы меншiк иесiнiң осы салық кезеңi үшiн салық мiндеттемесiн орындауы болып табылады.

Ескерту. 494-бапқа өзгеріс енгізілді – ҚР 10.12.2020 № 382-VI (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

 

Комментарии


Оформить подписку

Будьте в курсе наших акций и спецпредложений!